///

Батыс Қазақстан облысы: Спортқа бөлінген қаржының көбі спорттық клубтарға берілмек, ал оның жұмысын сараптаған кім бар?

1621 рет қаралды
photo: ekonomist.kz

“Мінбер” сайты өткен жылы Батыс Қазақстан облысы бойынша футболға қанша қаржы бөлінетіні туралы «Футболға жұмсалған миллиардтардың өтеуі кімнен?» атты мақала жариялаған болатын 

Біз осы тақырыпты назарда ұстап, бақылап жүрміз. Өйткені, қызметтерді ұйымдастыратын арнайы спорттық клубтар бар және оларға белгілі бір спорт түрінен клубтың жұмысына мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында бюджеттен қаржы бөлінеді. Бүгінгі тақырып осы клубтар мен оларға биылғы жылы бюджеттен бөлуге жоспарланған қаржы төңірегінде болмақ.

Сонымен, Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы жаңа 2022 жылы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша жергілікті бюджет қаржысынан 4 млрд 238 миллион 030 мың 080.25  теңгеге сатып алуларды жоспарлағаны жайында білдік.

Осының ішінде біздің назарымызды аударған Спорттық клубтар қызметін сатып алуға жоспарланған конкурстар. Дәл осы атаумен 5 қызметті сатып алу жоспарланған. Сатып алу әдісін ашық конкурс жолымен өткізуі және қаңтар айында жариялауы тиіс. Ал, жеткізу мерзімі барлық қызмет үшін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін.

Біз 5 қызметтің әрбіреуіне жеке тоқталуды дұрыс деп тауып, әр қызметті зерттеп көрдік. Олардың біріншісі – әртүрлі спорт түрлері бойынша облыстық құрама командаларының мүшелерін дайындау және олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарына қатысуы бағдарламасы бойынша 2022 жылы волейболдан республикалық жарыстарға Батыс Қазақстан облысы волейбол командасының ерлер құрама командасын ұйымдастыру, дайындау және қатысу бойынша қызметтер. Небәрі 1 қызметті сатып алу үшін бекітілген жалпы сома 115 млн 208 мың 035.72 теңге.

Екінші қызметті қарайтын болсақ, ол да жоғарыда аталған бағдарлама шеңберінде, тек Батыс Қазақстан облысының атынан 2022 жылға арналған Jastar Hokei Ligasy жастар командалары арасында шайбалы хоккейден ҚР чемпионатына жастар командасының дайындығы және қатысуы бойынша қызметтер. Бұл қызметті сатып алу үшін бекітілген жалпы сома 196 млн 216 мың 964.29 теңге.

Үшінші қызмет те жоғарыда аталған бағдарлама бойынша 2022 жылға арналған республикалық және халықаралық жарыстарда допты хоккейден Батыс Қазақстан облысының атынан кәсіби команданы дайындау және қатысу бойынша қызметтер. Сатып алудың бекітілген жалпы сомасы 97 млн 500 мың  теңге.

Төртінші қызметке келетін болсақ, жоғарыда көрсетілген бағдарлама бойынша Батыс Қазақстан облысы атынан құрама команданың 2022 жылғы маусымда шағын футболдан Қазақстан Республикасының чемпионаты мен Кубогына (футзал) дайындалуы және қатысуы бойынша қызметтер. Сатып алуға бекітілген жалпы сома 274 млн 701 мың 785.72 теңгеге жетіпті.

Және осы қызметтердің шеңберін жабатын, дәл осы бағдарлама бойынша 2022 жылға арналған Батыс Қазақстан облысының атынан республикалық және халықаралық жарыстарға футбол құрама командасының мүшелерін дайындау және олардың қатысуы бойынша қызметтер. Сатып алу үшін бекітілген сома 982 млн 142 мың 857.15 теңге соманы құрайды.

Спорт түрлері бойынша барлық жоспарлған соманың жиынтығы 1млрд 665 млн 769 мың 642 теңге. Футбол біздің облыс үшін қымбаттылығы жағынан көш бастап тұрған спорт түрі, өйткені құны 982 млн 142 мың 857.15 теңгеге бағаланған. Ал, ең арзаны әзірге допты хоккей болып тұр, оның құны 97 млн 500 000 теңге.

Егер басқарманың мемлекеттік әлеуметтік сатып алу бойынша жоспарланған сомасының барлығы 4 млрд 238 млн 030 мың 080.25 теңге болатын болса, осы соманың 39,3% спорттық клубтар қызметіне келеді. Яғни, облыстық спорт басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа бөлінетін қаржының жартысына жуығын спорттық клубтар қызметін сатып алуға жоспарлап қойған.

Бөлінген сомасына қарай спорттың қайсы түріне қаржы қандай көлемде бөлінетінін көріп отырмыз. Ал, бізді қызықтыратын сұрақ: осы қаржыны бөлу кезінде қандай негіздемелер алға тартылды және қандай нәтижелер мен көрсеткіштерге сүйенді? Спорт клубтар қызметінің қажеттілігі, тиімділігі қандай өлшем бірлігімен өлшенді? Жалпы, оларды өлшеуге бола ма? Мүмкін, жыл сайын бюджет қаржысын спорт клубтарға құйғанша барлық мектептерге, балалар мен жасөспірімдер спорт мектептеріне бөлінетін бюджет қаржысын ұлғайтып, олардағы кадрлық құрамның сапасы мен біліктілігін арттыруға, спорт мұқаммалдарының жеткілікті қамтамасыз етілуіне көңіл бөлу керек шығар.

3 ақпан мемлекеттік сатып алулар порталында бірде-бір спорт түріне конкурс жарияланбаған.

Ал, біз тақырыпты жыл бойы бақылап отырамыз, бізбен бірге болыңыз.

Мемлекеттік сатып алулар порталындағы осы мәліметтердің барлығы тек орыс тілінде ғана қолжетімді, ал қазақ тілінде еш мәлімет жоқ. Бұл айта-айта Алтайды, Жамал апам қартайды деген жауыр болған тақырып болса да, атап өтуді жөн көрдік.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі