/

Өмір сыйлайық: Аяла қоры жас нәрестелердің өмірін сақтауға көп үлес қосты

1229 рет қаралды

Еліміздің перинаталдық орталықтары мен балалар ауруханаларының реанимацияларын жабдықтау жұмыстарымен AYALA қайырымдылық қоры 15 жылдан бері айналысып келеді. Ірі демеушілердің қолдауы мен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналарының арқасында еліміздің барлық өңірлерінде 1000-нан астам заманауи реанимациялық жабдық орнатылды. Жыл сайын бұл мыңдаған нәрестені құтқаруға көмектеседі. Ақпан айында Қазақстандағы BAYER компаниясының қолдауымен Қостанай қаласындағы Облыстық аурухананың Перинаталдық орталығы шала туған нәрестелерді қарқынды емдеуге арналған жаңа инкубатор, бес неонаталды пульсоксиметр және электр сорғыш алды. «Біздің перинаталдық орталығымыз жыл сайын облыстың түкпір-түкпірінен келген 6000-ға жуық жүкті әйелдерді босандырады.

Барлық жаңа туған нәрестелерді біз көптен күткен сәбидей қарсы аламыз, оларға және олардың аналарына қажетті медициналық көмекті көрсетуге дайынбыз. Әрине, әсіресе дене салмағы өте төмен нәрестелерді емдеуге көп көңіл бөлеміз. Біздің реанимация 10 орынға есептелген, жылына ол арқылы 600-ге жуық бала өтеді. Қарқынды терапияға арналған инкубаторлар — біздің дәрігерлердің шала туған балаларды құтқарудағы бас көмекшісі. Неонатальды пульсоксиметрлер жаңа туған нәрестелердің орталық жүйке жүйесінің сақталуы тікелей байланысты болатын қанның оттегімен қанығу деңгейін дәл және тез анықтауға мүмкіндік береді. Біз заманауи сенімді құрал-жабдықтар жиынтығын алғанымызға қуаныштымыз және AYALA қоры мен BAYER компаниясына алғысымызды білдіреміз», — деп атап өтті Қостанай Облыстық ауруханасының бас дәрігердің орынбасары Арман Есетұлы Баймағамбетов.

«Өмір сыйлайық» жобасына AYALA қайырымдылық қоры өткен жылы рекордтық 199 млн. теңге жинады. Бұл сомаға 80 бірлік реанимациялық медициналық техника сатып алынып, орнатылды, оның ішінде Қостанай қаласындағы Облыстық аурухананың Перинаталдық орталығы да бар. «Біз көптеген жылдар бойы тиімді қайырымдылық қағидатын ұстанып келеміз. Бұл демеушілік қаражат пен қазақстандықтардың қайырымдылық жарналары жылдар бойы жұмыс істеп келе жатқан жобаларға бағытталады деген сөз. Бұл қамтуды да, олардың практикалық пайдасын да ұлғайтуға мүмкіндік береді. Нәтижесінде — біздің 15 жылдық жұмысымызда жүздеген мың балалардың өмірі құтқарылды. Біз Қазақстандағы BAYER компаниясына еліміздегі балалар денсаулығын сақтауды дамытуға деген көзқарасымызды қайырымдылық арқылы қолдау көрсеткені үшін шексіз ризашылығымызды білдіреміз», — деп атап өтті AYALA ҚҚ президенті Айдан Сүлейменова.

«Әлеуметтік жауапкершілік — Bayer стратегиясының ажырамас бөлігі. Корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы дәстүрлеріміз 100 жылдан астам уақыт жалғасып келеді. Мен Қостанай қаласында жаңа туған нәрестелердің денсаулығын нығайтуға өз үлесімізді қоса алатынымызды мақтан тұтамын. Bayer әйелдер денсаулығы саласында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келеді, біз сау аналық және балалық жөніндегі бағдарламаларға қолдау көрсетеміз. Неғұрлым қажет кезде жанынан табылып, қолдау көрсету біз үшін өте маңызды. Қорға осындай маңызды жобаны жүзеге асыруда AYALA табыс тілеймін». Қазақстандағы Bayer компаниясының бас директоры Лаума Валтере. Bayer компаниясы – бұл денсаулық сақтау мен ауыл шаруашылығына арналған медициналық-биологиялық шешімдерге маманданған халықаралық концерн. Компанияның өнімдері мен қызметтері адамдар мен планетаға әлемдік халықтың өсуі мен қартаюынан туындаған қазіргі заманның негізгі проблемаларын шешуге көмектесуге арналған. Bayer компаниясы қызметінің негізінде орнықты даму қағидаттары жатыр. Сонымен қатар концерн инновациялар мен даму арқылы өзінің табыстылығын ұлғайтуға және тиімділігін арттыруға ұмтылады.

Bayer Қазақстанда өз қызметін 1994 жылдан бері жүргізіп келеді. 2021 жылы жиналған сома аясында биылғы қаңтарда өкпені инвазивті емес желдетудің екі аппараты мен екі фототерапия шамын қор Алматыдағы Акушерлік, гинекология және перинатология ғылыми орталығына тапсырды. Тағы біреуі Семей қаласының Қалалық перинаталдық орталығына жеткізіліп, орнатылды. Наурыз айының соңына дейін AYALA ҚҚ еліміздің тағы 4 перинаталдық орталығына орнатады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі