//

Орал қаласында 22 ақпан күні 42 жұп некеге отырған

1447 рет қаралды

2022 жылдың 22 ақпаны күні (22.02.2022) – сандар жиынтығы үйлескен күн. Біз, адамдар әркез осындай әдемі сандарды, үйлесімділікті, сандардың жарасуынан жақсы нышанды іздеп жүретініміз өтірік емес. Сондықтан, бұл тек қана сандар жиынтығы үйлескен күн емес, бұл күнді неке қию үшін әдемі дата деп жұптар жарасқан күн.

Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі берген мәліметтерге сәйкес 2022 жылғы 22 ақпан күні 42 жұп осы күні неке қиюға өтініш білдірсе, 42 жұп та дәл осы күні некесін қиған. Әдетте басқа күндері күніне 15 пен 25 арасында арыз түсіп, осынша неке тіркеледі екен. Осыған қарағанда сандар үйлесім тапқан күндері неке қидыру саны да екі есеге жуық өседі. Біреулер осы датаны белгілі бір белгі не сандар сиқырымен (магия цифр) байланыстырса, екіншілері үшін бұл жай ғана тіркелу үшін күнтізбедегі әдемі күн.  2022 жылғы 22 ақпан күні Орал қаласында некесін қиып, отбасылық өмірлерін бастаған жұптар бұл туралы не дейді? Бұл туралы бізге өмірлеріндегі маңызды қадамды бәрі бірдей бір күнде жасаған 3 құрбы айтып берді.

Владимир (22 жас) мен Анна (20 жас):

Біз 6 жылдан бері біргеміз, бүгінгі күнді әдемі дата үшін таңдадық. Мен сандардың сиқыры бар дегенге аса сене бермеймін, сондықтан да ештеңемен байланыстырмаймын. Біз неке қиюды көптен жоспарлап, дайындалып жүрміз. Алдымызда осы жүзжылдықтағы айна күні дейтін әдемі дата келе жатқасын, осы күнді біздің отбасы құрған күніміз болады деп шештік.

Владислав пен Анастасия: –  Біздің жұбымызға 3 жыл болды. Неке қиюды ақпан айының 20-сынан кейінге жоспарлағанбыз. Алдымызда айна күні – 22.02.2022 бар екені есіме түсіп кетті. Сол себептен осы күнді таңдадық.

Бекболат пен Карина:

– Біз де 3 жылдан бері біргеміз. Бекболат маған ұсыныс жасады, содан кейін біз ең бірінші неке қию күнін белгілеу қажет деп шештік. Әрине, біздің таңдауымыз 22.02.2022 датасына түсті. Бірақ, оған 1 ай жарым уақыт бар еді. 21 қаңтар күні біз некемізді тіркеуге өтініш білдірдік, сөйтіп салтанатты шараға дайындықты бастап кеттік. Біз дәл осы күні өз отбасымызды құрып, неке қиғанымызға шексіз қуаныштымыз.

Сандардың сиқырына біреу сенеді, біреу сенбейді. Сол сияқты әр жұптың да әдемі датамен байланысты өзінің жоспарлары мен мақсаттары бар. Біз редакция атынан жұптасқан өмірлеріңізде қандай қиындыққа болса да қарсы тұра алатын сабыр мен төзім, өзара сыйластық пен түсіністік және бір-біріңізге деген кешірімге негізделген сүйіспеншілікке толы ұзақ ғұмыр тілейміз!

Анықтама ретінде: Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша:

 

Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметіне сәйкес:

2021 жылы тіркелген неке саны – 3326.

2022 жылы бүгінгі күнге тіркелген неке саны – 318.

22.02.2022 – 42 неке тіркелген.

Орал қаласының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мәліметіне сәйкес:

2021 жылы ажырасулар саны (куәлік берілген) – 422.

2022 жылы бүгінгі күнге ажырасулар саны (куәлік берілген) – 50.

22.02.2022 ж. ажырасу (куәлік берілген) – 1.

2021 жылы Орал қаласының №2 сотына жүгінген ажырасқандар саны – 961 (сот шешімімен)

2022 жылы бүгінгі күнге Орал қаласының №2 сотына жүгінген ажырасқандар саны –  113 (сот шешімімен)

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,