////

ҚР Президенті Қасым -Жомарт Тоқаев: Келесі президенттік сайлауға қатысу-қатыспауым жайлы Наурыздағы жолдауда айтайын

1919 рет қаралды

«Qazaqstan» телеарнасынан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сұхбаты эфирге шықты. Президент сұхбатында қасіретті Қаңтар оқиғасының себеп-салдары мен алдағы уақытта жүзеге асырылатын саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы стратегиялық серіктестерімен қарым-қатынастарына, қабылдаған шешімдеріне қатысты сауалдарға жауап берді.

Әуелде бейбіт шерумен басталған қаңтардағы оқиғаның күрт өзгеріп кеткенін атап өткен
ҚР Президенті «Бұзақылардың шынайы мақсаты билікке шабуыл жасау болды. Еліне, жеріне адал қызмет ететін, нағыз отаншыл азаматтар мұндай опасыздыққа бармайды. Бұл – анық нәрсе.
Төңкеріс – елдігімізге, мемлекеттік тұтастығымызға, халқымыздың қауіпсіздігіне қарсы жасалған әрекет» – деп, атап өтті.
Сондай-ақ, мыңдаған адамның қаланы қиратып, нағыз террористік әрекеттерге барғанын, бірақ, қазір бәрі жай ғана бейбіт азаматтар болып шыққанына сенімсіздік танытқан Қасым-Жомарт Тоқаев ендігі міндет  “бейбіт азаматтарды лаңкестерден, қарақшылардан бөліп алуымыз керек. Бұл – өте күрделі жұмыс Кінәсіз азаматтардың құқығын қорғауымыз керек» – деді.

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымын көмекке шақыру – ел арасында күмән тудырған мәселенің бірі. Журналистің сұрағына “Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымы бәрімізге ортақ құрылым. Біз ешкімге ештеңе де қарыз емеспіз. Қазақстан – егемен мемлекет, сондықтан саясатымыз да дербес», – деп, жауап берді Президент.
Ғасырлар бойы қатар өмір сүріп келе жатқан Ресей мен Қазақстан басшылары арасында мемлекеттік шекараға қатысты мәселе туындамағанын атап өтті.

Жаңа Қазақстандағы қоғамда заң мен тәртіп болса ғана, ел ішінде үйлесім, бейбіт өмір орын алатынын атап өткен Президент: «Мен «Адамдар мемлекет үшін емес, мемлекет адамдар үшін» деген ұстанымды жарияладым, Біз үшін жалғыз ғана мемлекет бар, бұл – Қазақстан. Бұл – біздің қасиетті Отанымыз. Басқа Отанымыз жоқ» – деді.
Елдегі реформалардың басты мақсаты – әділетті қоғам орнату, монополияларды жою, саяси трансформация жасау, еліміздің экономикалық дамуын жеделдету сияқты өзекті мәселерге негізделетін атап өткен Қасым -Жомарт Тоқаев наурыз айында халыққа жолдауын жариялайтынын айтты. Ал әзірге келесі президенттік сайлауға қатысатыны белгісіз

Парақшамызға жазылыңыз

Ботагөз Жөкен

Ботагөз Жөкенқызы.
1999 жылы әл -Фараби атындағы ҚазҰУ-дың журналистика факультетін бітіріп,
2001-2003 жылдар аралығында осы факультеттің магистратурасында білім алды.
1999- 2001жылдар аралығында «Алтын орда» газетінде тілші,
2003-2005 жылдар аралығында "НТК" телеарнасында редактор, 2005-2016 жылдар аралығында «Алматы" телеарнасында редактор қызметін атқарды.
Бейбіт Құсанбек атындағы байқаудың лауреаты.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері