/////

Бақытбек Бәмішұлы: Британия күнделігі (жалғасы)

2123 рет қаралды

ҚҰЛПЫТАСТАРЫ ҚҰЛАҒАН ҚОРҒАНДАР

Әлемнің қай түкпіріне барсаң да әуелі алдыңнан шығатын ақиқат дін және ондағы тұрғындардың дінге деген көзқарасы. Алайда халықты сыртынан қарап бір-бірінен дініне қарай ажырата алмайсың. Өйткені адамдардың киіну үлгісі бірдей. Көшелерде ары-бері ағылып жатқан көп жұрттың ішінен көзге бірден ілігетіні, оранып-шымқанып жүретін кейбір мұсылман дінді әйел адамдар. Жалпы Англия көлемінде 600 мешіт, 2 миллионға жуық мұсылман дінді тұрғын бар деген ақпарат бар. Ұлы Британияның мұсылмандарының денін 19 ғасырдан бастап Англияның отарында болған елдерден келгендер құрайды екен.

Мұнда жергілікті тұрғындарының нәсіліне, ұлтына, дініне, тіліне қарай топтасып тұру, топтасып бір ыңғай өмір сүру тенденциясы бары бірден байқалады. Бір ғана мысал келтірейін. Ньюкасл қаласының біз тұратын Саутгосфорт ауданында тек түріктер істейтін шаштараздар, тек қытайлар жұмыс жасайтын кафелер, пәкстандықтар ашқан дүкендер тағы басқалар бар. Кабактарда, барларда істеп тұрғандардың бәрі ағылшындар. Мұндай шағын кәсіп орындарды қаланың орталық көшелерінен де көптеп кездестіруге болады. Ал үлкен зауыт, компания, фабрикалар мен мемлекеттік органдарда жағдай мүлдем басқаша болатыны айтпасам да түсінікті ғой.

Осыдан келіп мынадай ой туындайды. Адамдар қандай қоғамдық құрылыста өмір сүргеніне қарамай дініне, тіліне, ұлтына қарай жіктеліп, топтасып өмір сүруі тым ұзақ ассимилияцияға ұшырайтын процесс болса керек. Бұрын да көп айтылып-жазылып жүрген бұл аксиомаға көзіміз әбден жетті. Осы тұрғыдан қарағанда жер шарынынан қаншама әлсіз ұлттың жойылып кетуі қандай аяусыз қатыгездікпен жасалынып, жүзеге асырылған қылымыс екеніне көзің жете түседі.

Британдықтардың ауданы крест таңбалы христиан дінді. Олар ішінен католик, протестант болып бөлінеді. Христианның ағылшындық деп аталатын тармағы ресми түрде Ұлы Британияның мемлекеттік діні саналады екен. Сөйте тұра Ұлы Британияның құрамындағы Шотландияда мемлекеттік санатында пресвитериандық аталатын шіркеу (церковь) қызымет жасайтын көрінеді. Уэльсте мемлекеттік мәртебесі бар церковь жоқ деседі. Ал рим-католик шіркеуінің саны 4000-ға жетеді екен. Егерде Ұлы Британияда ресми түрде мойындалған шіркеулердің діни қызметкерлері түрмелер мен ауруханаларда қызмет жасайтын болса, онда мемлекет тарапынан оларға жалақы төленеді екен.
Шіркеулердің үлкен тас дуалдармен қоршалған және қоршалмағандары да бар. Дуалдың кірпіштері сұры түсті, қолмен ұстап көрсең үгітіліп кететіндей жұмсақ, сөйте тұра талай жылдарға шыдас бергені мені қайран қалдырды.

Шіркеулердің денінің айналасы ескі бейіттер. Кейбірінің құлпы тастары құлап жатыр, кейбіреулерінің құлпы тастарын мүк басқан, ал кейбіреулерінің құлпы тастары жаңартылып бірнеше адамның аты-жөні жазылыпты. Демек бір қабырда бірнеше ұрпақтың мәйіт-мүрдесі жатыр деген сөз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі