///

Абай облысы бой көтеретін болды

2597 рет қаралды

Сәуірдің 6-сында Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінде Мәслихаттың кезектен тыс  XIV сессиясы өтті. Сессия отырысында арнайы комиссия құрылып, ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың соңғы жолдауындағы ұсынысына сәйкес Шығыс Қазақстан облысын екіге бөліп, бұрынғы Семей облысын Абай облысы деп атау және   елдімекендерді екі облысқа бөлу туралы шешім қабылданды.

ШҚО облысының аумағы 97,8 мың шаршы метр болады, құрамында 9 аудан және 2 қала қалса, Абай облысының аумағы 185,5 мың шаршы метрді құрайды, ал құрамына 8 аудан және 2 қала кіреді. Нақтыласақ, ШҚО аумағында Өскемен, Риддер қалалары, Глубокое, Зайсан, Қатонқарағай, Күршім, Самар, Тарбағатай, Ұлан, Шемонаиха, Алтай аудандары болады. Абай облысында: Семей, Курчатов қалалары, Абай, Аягөз, Ақсуат, Бесқарағай, Бородулиха, Жарма, Көкпекті, Үржар аудандары.
Естеріңізде болса, бұған дейін ҚР Президент жолдауынан кейін ШҚО Күршім ауданынан Марқакөл ауылдық округін, Үлкен Нарын ауданынан Қатон-Қарағай ауылдық округтерін бөліп, бұрынғыдай аудан статусын берсе деген халықтың талабы туралы жазғанбыз. Ол талап орындалуы үшін екі ауданның Мәслихаттары сессия өткізіп, облысқа ұсыныс жіберуі тиіс еді. Алайда, олар сессия өткізбеді.

Осы орайда мәслихаттар қаншалықты тәуелсіз жұмыс жасай алады деген сұрақ туындайды. Ал енді «Мәслихаттың үлгілік регламентін бекіту туралы» заңға көз жүгіртсек «2. Мәслихат (жергілікті өкілді орган) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сайланбалы орган болып табылады. оны жүзеге асыруға қажетті шараларды айқындайтын, олардың орындалуын бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы. Мәслихат заңды тұлға құқығына ие емес.» -деп жазылған. Яғни жергілікті аудандық болсын, қалалық, облыстық мәслихаттар халықтың талабына сай, тәуелсіз іс әрекет жасау керек еді. Бірақ өкінішке орай аты аталған екі аудан ондай ұсыныс жасамай отыр. Алдағы уақытта аталған аудан Мәслихат хатшыларының бұған қатысты пікірін білетін боламыз.

Жұлдыз Ақтанжанова, 

ШҚО 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері