//

Ескелді ауданы: 36-жасар ана, қос бүлдіршінімен бірге жол апатынан қаза тапты

1261 рет қаралды
1
Диапазон
Диапазон

Алматы облысы, Ескелді ауданында 23 сәуір күні сағат 22:05-те  қайғылы оқиға орын алды. Жол бойымен жүйіткіп келе жатқан көлік, 36 жасар әйелді қолындағы қос бүлдіршінімен бірге қағып өлтірген.

“Түнгі 23:00 кезінде, Талдықорған қаласынан Қарабұлаққа қайтып келе жатқан едік. Жолда ауқымды апат болғанын көрдік. Қаптаған көлік пен жерде беті жабулы жатқан денелерді көріп, есеңгіреп қалдық”-дейді аудан тұрғыны.

Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметі де кеше түнде  ресми ақпарат берді

«Анықталғандай, «Audi-80» көлігінің жүргізушісі Алдабергенов көшесімен келе жатып, үш жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Әйел және екі кішкентай бала оқиға орнында мерт болды. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. Көліктің 19 жастағы жүргізушісі қамауға алынып, машина айып тұрағына қойылды.», – дейді ПД баспасөз қызметі

Марқұмды танитын, білетін жандармен Мінбер тілшісі сөйлесіп көрді.

“Ол келіншек менің көршім. Біз негізі Қарабұлақтың орталығында тұрамыз. Аудандық ХҚО ғимаратының жанында. Кеше түнде ауызашарға сол жаққа кеткен. Облыстық маңызы бар трасса болғандықтан көліктер қатты жүреді ғой. Алла өзі панасына алсын. Көпбалалы ана еді, әттең”-деп көзіне жас алды көршісі Ақмарал Нұрбат.

“Кеше қаза тапқан бүлдіршіндердің бірі – Айару біздің балабақшаға келетін. Осыдан бірнеше күн бұрын ғана ауқымды байқау өткен. Сол байқауға өзім киіндіріп, өзім әрлеп едім. Әлі бейнесі есімнен кетер емес, көз алдымда. Сондай зерек қыз еді. Өмірге құлшынысы жақсы, әр іске ұмтылып тұратын. Иманы жолдас болсын”-дейді аудандық балабақша қызметкері Салтанат Иссаева.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі