//

Балалар жылында балалар өлімі азаяр емес. Жауапкершілікті кім мойнына алады?

848 рет қаралды
спикер кз
спикер кз

Жыл басынан бері әлеуметтік желіні балалардың өлімімен толтырып келеміз. Сіз бен біз көрген, естіген, оқыған бала өлімінен бөлек, камера сыртында қалып жатқаны қаншама.

Алматы облысы, Ескелді ауданында 23 сәуір күні сағат 22:05-те  жүйіткіп келе жатқан көлік, 36 жасар әйелді қолындағы қос бүлдіршінімен бірге қағып өлтірген.

17-сәуір күні Алматы облысы, Сарқан ауданында 4-5 жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылған.

Наурыз айында  Қостанай облысы Амангелді ауылында екі пәтерлі тұрғын үйде өрт шығып, үш кішкентай бала қаза тапқан. Ең кенжесі 2020 жылы дүние есігін ашқан екен. 

Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, 13 жасар екі бала қаза тапқан.  Оқиға Сауран ауданы Бабайқорған ауылында болған. Ш. Қалдаяқов көшесінде орналасқан екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, жалын 180 шаршы метрді шарпыды. Бірінші қабаттың төбесі опырылып, құлап түскен. Оқиға орнынан 13 жасқа енді толған екі жасөспірімнің денесі табылған.

15-мамыр күні 18:15-те Текелі қаласында лай көшкіні кезінде құлаған үйдің үйіндісінің астынан 2016 жылы дүниеге келген бүлдіршіннің мәйіті табылған.

Күні кеше ғана Текелі қаласында суға батқан баланың мәйіті табылды…”Балалар жылы” басталғалы қаза тапқан бүлдіршіндердің тізімін тоқтаусыз жалғастыра беруге болады.

Бала-болашағымыз. Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үлкендердің міндеті. Міндетімізді қалтқысыз қашан орындаймыз?

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі