/

“Баланы жерге жатқызып қылқындырып өлтірген”-Сарқан ауданындағы жантүршігерлік оқиғаның мәні-жайы белгілі болды

854 рет қаралды

Күні кеше ғана Алматы облысы, Сарқан ауданында 4-5 жастағы баланың мәйіті қоқыстан табылғаны жайлы жазған едік. Бүгін Сарқан аудандық сотының баспасөз қызметі ресми ақпарат берді. 

“Алматы облысы Саркан аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің (бұдан әрі – ҚК) 99 – бабының 3 -ші бөлігімен (алдын ала сөз байласу арқылы жас баланы өлтіру) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деп күдіктелген нәрестенің анасы М. және анасының ағасы А. М – ға қатысты бұлтарпау шарасын анықтау туралы іс қаралды. Сотта анықталғаны:
Ағымдағы жылдың 8 -ші ақпан күні М. өзінің ағасы А.М мен бірге таксимен қызын алып келе жатып, жолдан түсіп қалған. Сол кезде ағасына тумасынан аурушаң және есепте тұрған баласын қарай алмайтынын, көргісі келмейтінін айтып оны өлтіру керек екені туралы ұсыныс жасаған, келіспеген жағдайда өзіне өзі қол жұмсайтынын жеткізген. Ағасы қарындасының сөзіне келісіп баланы өлтіруге алдын ала сөз байласқан.

Жас баланы өлтіруге бағытталған ойын іске асыру үшін қала сыртында орналасқан, бұрынғы зауыт маңындағы қоқыс төгетін жердің еңісіне қарай түсіп, дәрменсіз баланы жерге жатқызып қылқындырып өлтірген.

Баланың бақилық болғанына көз жеткізіп, мәйітті жасырып, төбешіктің үстінде сырттай бақылап тұрған қарындасын алып, оқиға орнынан бой тасалағандары анықталды.” делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек марқұм бүлдіршінді өлтірген анасы мен анасының ағасы екі айға қамауға алынды.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі