///

Медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

1096 рет қаралды

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің баспасөз қызметі Мемлекет Басшысының медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде саланың үкіметтік емес ұйымдары мен журналистік қоғамдастықтың бастамасы бойынша арнайы жұмыс тобының құрамын бекітілгені туралы хабарлады.

Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының, интернет-ресурстардың және жарнама агенттіктерінің өкілдері кірген. Жұмыс тобының құрамымен мына сілтемеге өтіп таныса аласыз  https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/documents/details/310396?lang=kk )

Бұл құрам азаматтар мен ұйымдардың жіберген ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ қолданыстағы нормаларды қайта қарауды жоспарлап отыр.

Аталмыш мәселе төңірегіндегі ұсыныстарды барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының отырыстары барысында қарау және талқылау үшін a.mukazhan@qogam.gov.kz поштасына немесе +77172744582 номеріне жолдай алады.

Министрлікке жұмыс тобының құрамына кандидатураларды енгізу бойынша қосымша ұсыныстар келіп түсуде. Ведомство бұл ұсыныстардың барлығын қарастырып, қажет болған жағдайда кандидатураларды тікелей жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін шақыратын болады

Жұмыс тобының құрамында MINBER.KZ Есенгүл Кәпқызы енгенін де қуана хабарлаймыз

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері