Павлодарда үш азаматтығы бар әйел ұсталды

735 рет қаралды
Skifnews.kz
Skifnews.kz

Павлодар қаласында қазақстандық, ресейлік және канадалық  үш төлқұжаты бар әйел Қазақстан Республикасының Азаматтық туралы заңнамасын бұзғаны үшін мемлекеттік шекарадан өту кезінде “Үрлітөбе” шекаралық бақылау бөлімшесінің өткізу пунктінде ұсталды. Бұл туралы Skifnews.kz ақпарат порталы хабарлады.

Ұсталған әйел сотта 2017 жылдың қарашасында Канада азаматтығын алғанын, ал 2022 жылдың наурызында Ресей азаматтығын алғанын айтқан. Бірақ қазақстандық төлқұжатын өткізбеген және шетел азаматтығын алғанын айтпаған.

“Әйел адам заңнан бейхабар болғанын айтып, толығымен кінәсін мойындады. Жалғыз ұлы мен немересі Канадада тұратынын, ал Қазақстанда туыстары жоғын айтып, елден шығармауын сұрады”, – деді Павлодар облсының Железин аудандық сотының баспасөз қызметі өкілдері.

Сот үкім шығарарда әйел адам кінәсін мойындағанын және әкімшілік құқық бұзушылықты алғаш рет жасағанын ескеріп, жазаны жеңілдетті.

“Сот әйелді Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 496-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, Қазақстаннан шығарып жіберу түрінде әкімшілік жазаға тартылды”, – делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сот құжатында заң бұзған әйел Қазақстаннан 10 тәулік ішінде кетуі керегі айтылған.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері