Соңғы 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық фактісі 10 есе өскен- Бас прокуратура

1139 рет қаралды
profit.kz
profit.kz

Бүгін бас прокуратура интернет алаяқтыққа байланысты ескерту жасады. 

“Интернет алаяқтық көбейіп барады. Статистика бойынша, соңғы 5 жылда елімізде интернет-алаяқтық фактісі 10 есе өскен (2017 жылы 2 мыңнан 2021 жылы 21 мыңға дейін).

Азаматтардың әлеуметтік желілердегі онлайн сауда мен танымал сайттар арқылы алаяқтық құрбаны болу көрсеткіші айтарлықтай жоғары. Сонымен қатар, қылмыскерлер онлайн-қарыз алу жолымен және банк карталарынан ақша жымқырады. Алаяқтар көбінесе, құрбанына инвестиция салу, бәс тігу, ойын және лотереяны жарнамалайды.

Уақыт өткен сайын алаяқтардың ақша жымқыру әдісі күрделеніп барады. Алайда көп жағдайда алаяқтардың қасақана ойын іске асыруына азаматтардың өзі де кінәлі. Өйткені олар алаяқтардың жаңа әдістерін білмейді. Интернеттегі жарнамаға сеніп, оңай олжаға кенелемін деп, опық жеп қалады.

Бас прокуратура осындай қылмыстарды азайту үшін цифрлық технологияларды енгізуді, қолданыстағы нормативтік құжаттарды жетілдіруді, ІТ-бағдарламалар мен қосымшаларды әзірлеуді көздейтін арнайы Жол картасын әзірледі.

Алаяқтардың құрбаны болған адамдардың оқиғалары және интернет-алаяқтар туралы фактілер БАҚ-та жарияланып тұрады.

Бұған дейін Жол картасын жүзеге асыру аясында БАҚ-да 2 мыңнан астам ақпараттық материал жарияланды. Киберқылмысқа қарсы күрес орталығының да, оның аумақтық бөлімшелерінде штат саны көбейді. Онлайн несие алу тәртібін қатаңдату мақсатында биометрика және ЭЦҚ қолдану міндетті болды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен бірге заңсыз онлайн несиелер бойынша ақпарат алмасу туралы Меморандум жасалды. Бұл интернет алаяқтарына қарсы жүргізіліп жатқан жұмыстардың маңызды бөлігі. Қазірдің өзінде алдын алу шаралары оң нәтижелерін беруде.

Өткен жылмен салыстырғанда интернеттегі алаяқтық фактілерінің саны 7-ден 4,5 мыңға дейін (34%-ға) азайды.  808 (644) іс сотқа жолданды.

Өңірлерде осындай іспен айналысқан қылмыстық топтар ұсталды. Мысалы, Шымкентте өздерін банк қызметкері ретінде таныстырған 5 адам қашықтан қол жеткізу бағдарламалары арқылы азаматтарға несие беріп, несие қаражатын иемденіп отырған.

Ескертеміз, онлайн сауда жасайтын кезде күмәнді транзакциялардан бас тартыңыз! Банк картасының деректерін, шот номерін және қауіпсіздік кодын бөтен адамға бермеңіз! Банктердің күмәнді сілтемелерін ашпаңыз! Күмән туғызған сілтеме бойынша кіріп, ол жерге жеке мәліметтеріңізді енгізбеңіз! Танымайтын адамға ақша аудармаңыз!

Егер банк картаңыздан ақшаны заңсыз алып қойса, дереу банкке немесе полицияға хабарласыңыз!”-делінген Бас прокуратура хабарламасында.

Парақшамызға жазылыңыз

Арай Нұржанқызы

Арай Нұржанқызы Жетісудың тумасы, ақын, "Жетісу келіндері" орталығының төрайымы, "МедиаНет" халықаралық журналистика мектебінің, "Мінбер" ақпарат агенттігінің "Азаматтық журналистер" мектебінің түлегі.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері