/////

Оралда көптен күткен Сабантой мейрамы тойланды

7846 рет қаралды

Бүгін Орал қаласында татар мәдени орталығының Сабантой мерекесіне орай қалалық мәдениет және демалыс саябағында мерекелік шаралар өтті.

«Сабантой» сөзі түркі тілдерінен аударғанда соқа мерекесі немесе дала жұмыстарының аяқталуы дегенді білдіреді. Бұл – татар-башқұрт мерекесі, көктемгі дала жұмыстарының аяқталуын білдіреді. Әдеттегідей, жақсы жұмыс істеген адам жақсы демала алады. Киров атындағы мәдениет және демалыс саябағында барша халық осы бір ерекше күнді атап өтті. Көтеріңкі көңіл күй, татар ұлттық тағамдары мен киімдері, жақсы әуен, би, жарыс, ойындар да халық көңілінен шықты. Жүргізушілер хабарлағандай, Сабантуй – бұл Отанымыздың мәдени мұрасының қаншалықты сан алуан екендігінің бірден-бір көрінісі.

Концерт өтетін жерден алыс емес жерде спорт алаңдары да орналасқан. Ең қызықтысы – татар күресі «Көрәш» болды. Мұндай күресте жұдырықтар белдікті ұстау үшін ғана  қолданылады. Қарсыластың бел жағынан ұстап, орап, оны жерге құлату керек. Жарыс жеңімпаздарына құнды сыйлықтар мен алғыс хаттар табысталды. Жарыс жеңімпазы әрі ең мықты батыр атағына Халилов Равиль ие болды. Ол осы жарысқа 2 жыл бойы дайындалған екен. Марапаттаушы да өз кезегінде жеңімпаз туралы айтып, алдыңғы жылдары 2,3 орынға ие болып жүргендігін, ал осы жолы жүлделі жеңімпаз атанғанын атап өтті.

Күрестен басқа, ағаш есектің үстінде бірін-бірі жастықпен ұрып құлату ойынында да жас жеткіншектер қатар қыздар да бәсекелесе алды. Байқауға қатысқаны үшін барлық балалар мен ересектерге символикалық сыйлықтар таратылды.

Дәстүрлі тағамдар да халық назарына ұсынылды. Қышқыл қамырдан бүктеменің бір түрі самса, тұзы жоқ қамырдан жасалған жұқа екі наннан кыстыбый, ет қосылған қабатталған бәліш – катлама, қамырдан түрлі қалаш, шелпек, учпучмак, тоқаш, чак-чак, кош теле, бауырсақ, құймақ, жұқа құймақ және тағы басқалары болды. Көздің жауын алған қолөнершілер бұйымдарының көрмесінде тақиялар, зығыр орамалдар, көйлектер мен кестелер жайғасыпты.

Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын жүргізуші барлық келушілерге алғыс білдіріп, мейрам жөнінде бір-екі ауыз сөз айта кетті.

– Бұл мейрамның тамыры тереңде жатыр, біз осы дәстүрді балаларымызға дәріптеп, бүгінгі күнге дейін мерекелеуді жалғастырып келеміз. Сабантой көктемгі шерудің аяқталуын ғана емес, сонымен қатар Қазақстанда тұратын халықтар арасындағы достықты нығайтуға ықпал етеді. Бұл күні бізге мерекеге көптеген қонақтар жиналғанын көру өте қуанышты, бұл бізді қуанышқа бөлейді. Бүгін татар тілінде көңілді әндер, жалынды билер мен спорт жарыстары болады, – деп ашты мерекелік іс-шараны жүргізуші.

– Бүгінгі ауа-райы да өте тамаша болып тұр. Отбасымызбен тақияларды жұрт назарына ұсынып, мерекені атап өту үшін де келіп қалдық. Бұл мерекенің мән-мағынасын айтпай-ақ өздеріңіз де білесіздер ғой. Өте көңілді, әрі отбасыларды, туған-туыстарды жақындастыратын мерекелердің бірі десек қателеспейміз. Сондықтан бұл мерекені біздер түгел отбасымызбен атап өтеміз. Көрші-қолаң, туыстармен бір дастарқан басына жиналып немесе көңілді концерт көріп, көңіл көтергенге не жетсін! – деді қала тұрғыны Адиль.

Мереке гармонистер байқауымен және “Татарча марафон” көңілді биімен аяқталды, оған барлық тілек білдірушілер қатыса алды.

Светлана Аманғалиева, 

БҚО, Орал қаласы

Фото автордыкі

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар