///

Биыл ҰБТ-да 3179 түлек 120 балдан жоғары нәтиже көрсетті

1547 рет қаралды
Сурет дереккөзі: www.testcenter.kz 

2022 жылы 154 мың талапкер Ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсырды. Оның ішінде түлектердің 76%-ға жуығы қазақ тілінде, 24% – ы орыс тілінде, 0,1% – ы ағылшын тілінде тестілеуден өтті.  Екінші жыл қатарынан ҰБТ электронды форматта өткізілді, – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Тестілеу қорытындысы бойынша 103 мыңнан астам талапкер шекті балл жинаған, бұл қатысушылардың жалпы санының шамамен 67%-ын құраған. Бұл көрсеткіштер өткен жылмен салыстырғанда 7%-ға артқанын көрсетеді.

Айта кететін жай биыл тестіленушілердің 51 мыңға жуығы немесе 33%-ы шекті баллды жинай алмапты.

Ұлттық тестілеу орталығының хабарлауынша ҰБТ орташа балы 66 балды құраған. Ең жоғары балл – 139 балл. 3179 оқуға түсуші 120 балдан жоғары нәтижеге қол жеткізген.

Талапкерлерге тестілеуді екі рет тапсыруға және білім беру грантын тағайындау конкурсына үздік нәтижені ұсынуға мүмкіндік берілді. Қабылданған шаралар талапкерлердің арасында ҰБТ-ға дайындық кезінде стресс деңгейін төмендетті.

Тестілеу бес пән бойынша өткізілген: үш міндетті және екі бейінді. Тест тапсырмаларының саны 120 болса, оның ішінде Қазақстан тарихы бойынша – 15, математикалық сауаттылық бойынша – 15, оқу сауаттылығы бойынша – 20 және екі бейіндік пән бойынша – 35 тапсырма берілген. Тестілеу ұзақтығы – 4 сағатты (240 минут) құраған.

– Ерекше білім беру қажеттіліктері бар талапкерлердің тестілеуді ыңғайлы тапсыруы үшін ҰБТ тапсыру уақыты 40 минутқа ұзартылды. Сонымен қатар, олар үшін сызба және диаграммаларсыз сұрақтар жасалды. Қабылданған шаралар арқасында ерекше білім беру қажеттіліктері бар тестіленушілер саны артып келеді. Егер 2021 жылы негізгі ҰБТ-ға 90 бала қатысса, биыл олардың саны 10 есеге жуық артып, ҰБТ-ға ерекше білім беру қажеттілігі бар 811 бала қатысты, – деп атап өтті ҚР ҒЖБ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Гүлжан Жарасова.

Министрлік тек тестілеу кезінде ғана емес, оның басталуына дейін де қолайлы жағдай жасау үшін тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Сондықтан талапкерлерге ыңғайлы болу мақсатында біз ҰБТ-ға дайындалу үшін онлайн сынақ тестілеуді іске қостық. Бұл жүйе барлық талапкерге тегін негізде қолжетімді. Сонымен қатар оқу жылы бойы білім беру орталықтарының қолдауымен тегін онлайн сабақтар жүргізілді.

– Сонымен қатар алғаш рет ҰБТ-ның күнін, уақытын, орны мен бейіндік пәндерін еске салатын SMS жолданды. Хабарлама ҰБТ-ға қатысушылардың өздеріне, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толмаған тестіленушілердің ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне жіберілді. Тестілеудің өту барысын ата-аналар тікелей эфирде қарады. Бұл мүмкіндік бесінші жыл қатарынан беріліп отыр, – дейді Гүлжан Жарасова.

Электронды форматта өтетін ҰБТ-да апелляцияға беру оңай, әрі ыңғайлы. Тестілеу қорытындыларымен келіспеген жағдайда талапкер бұрынғыдай келесі күнді күтпей-ақ дереу апелляцияға электрондық форматта өтініш береді. Биыл апелляцияға 50 мыңнан астам өтініш берілді, олардың ішінде 318 өтініш қанағаттандырылды. Мемлекеттік комиссия жұмысын аяқтады, талапкерлердің сертификаттары жеке кабинетте қолжетімді, – деп хабарлайды Ұлттық тестілеу орталығы.

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері