//

Әлеуметтік желідегі пост үшін ШҚО белсендіні жауапқа тартып жатыр

1121 рет қаралды
көрнекі фото: ustinka.kz

Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Кәрібеков Нұрсултан, «Uylesim» қоғамдық бірлестігінің жетекшісін сотқа берді.

 28 қарашада сотқа түскен талап арызда талапкер, аталған қоғамдық ұйымның жетекшісі Жұлдыз Ақтанжанова шындыққа жанаспайтын ақпарат таратты делінген. Сөйтіп, ол Нұрсұлтан Кәрібековтің ар-намыс, қадір қасиет және Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының іскерлік беделіне нұқсан келтірді деп есептейді.

Мәселе, қоғамдық белсенді Жұлдыз Ақтанжанованың 25 қарашадағы Facebook парақшасындағы пост жайлы болып отыр.

Жұлдыз Ақтанжанова, фото: Inbusiness.kz

Сол күні жолаушылар тасымалдайтын автобус жас әйелді қағып кетіп, соңы қайғылы жағдаймен аяқталған еді. Естеріңізге сала кетейік, ол әйел жаяу жүргіншілерге арналған жолда кетіп бара жатқан болатын.  Бұл трагедияға қатысты видео барлық әлеуметтік желілерде таралды. Сонымен қатар биыл 21  сәуірде дәл сол басқарманың автобустарының бірі жас сәбиді қағып кеткен болатын.

Болған оқиғаға байланысты азаматтық қоғам белсендісі Ақтанжанова Жұлдыз өзінің Фейсбук парақшасында пост жазған. Постта қоғамдық белсенді болған оқиғаға Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығының басшысы Кәрібеков Нұрсұлтанды жауапкершілікке шақырады.

“Жауапкер өзінің жазбасында  “Өскемен жолаушылар тасымалын басқару орталығы” ЖШС директоры ретінде мені екі өлімде де тікелей айыптайды. Ол менің абыройым мен қадір-қасиетіме, серіктестіктің іскерлік беделіне нұқсан келтіреді. Серіктестік екеуміз жеке жолаушылар тасымалы қызметін көрсетпейтіндіктен  маршруттық автобус жүргізушілерінің әрекеттері үшін тікелей жауап бермейміз. Сонымен қатар, кез – келген қасақана жасалған немесе абайсызда жасалған қылмыстар/құқық бұзушылықтар үшін осы қылмысты/құқық бұзушылықты жасаған адам тікелей жауап береді”, – деп жазады  жолаушылар тасымалын басқару орталығының директоры Нұрсұлтан Кәрібеков.

Нұрсұлтан Кәрібеков, фото: factum.kz

«Шын мәнінде, талап арыздың талабын түсінбедім.  Директор Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы ЖШС-нің  ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды сұрай ма, әлде жеке тұлға ретінде қорғауды сұрай ма. Жеке тұлға ретінде қорғауды қажет еткен болса ол талап арызда неге директор ретінде қол қойған? Бүгін біз талап арызды нақтылауды сұрадық.
Тұтастай алғанда, мұндай жағдайда соттарға жүгінген абырой әпермес. Кем дегенде, Жолаушылар тасымалын басқару орталығы ЖШС-нің қайғылы жағдай бойынша  берген ресми мәліметіне жұртшылық наразы, сонда жазылып жатқан мәселелерді шешудің орнына, қоғам белсенділерін сотқа шақырып әлек. 

Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы ЖШС-нің құрылтайшысы қалалық қаржы бөлімі, ал оның уәкілетті органы ретінде Өскемен қаласының «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасы және және автомобиль жолдары бөлімі»  мемлекеттік мекемесі көрсетілген, сондықтан мен өзімнің сын-ескертпелерім орынды деп санаймын. Сонымен қатар, Өскемен қаласы халқының жолаушылар тасымалына қажеттілігіне қатысты әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу Өскемен қаласының жолаушылар тасымалын басқару орталығы ЖШС-нің  қызметіндегі мақсаттардың бірі. Сондықтан мен дұрыс сұрақтар қойдым деп ойлаймын.

Қалай болғанда да, бұл сот ісі көктемде автобус дөңгелектерінің астында қайтыс болған баланың және жуықта автобус дөңгелектерінің астында қайтыс болған әйелдің өмірін қайтармайды. Яғни, жолаушыларды тасымалдауда мәселе бар және оны шешу керек.
Сотқа дейінгі татуласу рәсімі ұсынылды. Бұл стандартты процедура және маған мұны істеу қиын емес. Бірақ бұл жолаушылардың қауіпсіздік мәселесін шешпейді. Постта мен жаяу жүргіншілер мен автокөлік қызметтерін тұтынушылардың қауіпсіздігі туралы мәселені жаздым. Яғни, мен оның жеке басына емес, ол басқаратын басқарма жұмысына сын айттым. Жақсы басшы жауапкершіліктен бас тартпауы керек, сонымен қатар, егер ол жеке басының ғана абыройын сақтап қалуды ойласа, лауазымын босатуы керек. Адамдардың қауіпсіздігі бірінші кезекте болуы керек.» – деп ойын айтты қоғам жетекшісі.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі