///

Моңғолияда халық Үкіметтің отставкаға кетуін талап етуде

1642 рет қаралды

Желтоқсанның 4 күні Моңғолияның Улаанбаатар қаласында ереуіл басталды. Басты себеп шекарадан заңсыз асқан көмір. ҚХР-на заңсыз 44 триллион төгрөгтің ($125 миллион – ред.) көмірі асқан деген мәлімет тараған.

Халық 4 желтоқсан Д. Сүхбаатар атындағы орталық алаңға жиылып, “ұрылардың атын атауды, дәулетін тәркілеуді” талап етті. Екінші күні, яғни 5 желтоқсанда алаңға бейресми дерек бойынша 40 000 адам жиылған. Бұлардың 65% жастар болған. Ереуілшілер үкіметтен “ұрыларды” жасырмай, атын атауды талап еткен. Үкімет түсте көмір ұрлығына қатысты он бес адамның атын атады. Бұлар Моңғолиядағы ең үлкен кен орыны “Оюун толгой-табан толгой” кен орнында басшылық қызмет атқарған азаматтар.

Алайда биліктің бұл тізіміне халық келіспей отыр. Олардың ойынша,  бұл ұрлыққа билік өкілдерінің қатысы бар. Сондықтан Халық Ел президенті У. Хүрэлсүх, Бас Уәли (Премьер-министр) Оюун-Эрдэнэ,  Ұлы құрыл Төрағасы (Парламент спикері) Занданшатар мырзаларға ел алдына шығып жауап беруді талап етіп “ұрандай” бастаған. Кешкі сағат 19:00 шамасында ереуілшілер үкімет үйіне басып кіруге талпыныс жасады. Мемлекеттік күзет ұйымдары дереу шара қолданып ереуілшілерді ішке кіргізбеді. Полиция тұтқынға алынған адам жоқ екенін хабарлады. Үкімет үйінің жол жақ қақпасының қоршауын ереуілшілер құлатып тастаған. Алайда Үкімет үйіне басып кірмеген.

Желтоқсанның 5-інде Ұлы Құрыл Төрағасы Занданшатар шұғыл жиналыс ашып “көмір ұрлығына” байланысты төтенше комиссия құрды. Бұл комиссияның басты мақсаты – жалпы халықтық “ашық талқы” өткізу болмақ. Желтоқсанның 6-сы аталмыш комиссия алғашқы жиналысын өткізіп, 21 желтоқсанда ашық талқы өткізетінін хабарлады.

Шеру кешкі сағат 20:00-де бұл шеру саясиланып “үкіметтің отставкаға кетуін, Ұлы Құрылдың тарауын” талап ете бастады. Улаанбаатар қаласының әкімі шұғыл қаулы шығарып, шерушілерге “заңсыздыққа бармауды ескертіп, екі сағат ішінде тарауды талап” етті.

Полиция мен халық қақтығыспай, бейбіт шеру сағат 23:35 шамасында толық таратылды.

Тағы бір айта кетер жай, шеруге қатысушылар орталық алаңды қоқыстан толық тазартып кеткен.

Күндіз сағат 11:00-де бас уәли Л. Оюун-Эрдэнэ мәлімдеме жасады. Мұнда ол үкіметтің отставкаға кетпейтінін, ұрылармен шегіне дейін күресетінін” айтқан.

5 желтоқсанда алаңға жастар өкілі қайта жиналып “ұрылардың дәулетін тәркілеуді” талап етуде. Төрт-бес азамат шешініп қарсылық білдіруде. 6 Желтоқсанда билік партиясының Саяси кеңесі жиын өткізді.

Бейресми мәлімет бойынша жиында “2023 жылы Ұлы құрыл сайлауын өткізу, Ұлы құрылды тарату” туралы талқыланған. Бірақ ресми мәлімет әлі таратылған жоқ. Тек қана “ұрылармен күресте” бас уәлиге барлық мүмкіндікті қолдануды тапсырғандығын айтуда. Шеру бүгін де жалғасуда.

Бүгін президент үкімет мүшелерімен кездесті. Ұрылардың атын атауды қатаң талап етті. Егер бұлай істемесе халыққа сайлау арқылы жаңа үкімет құруға мүмкіндік беретінін айтуда. Биліктен халық Төтенше жағдай жарияламауды сұрап отыр.

Тілектес Ақылбекұлы, 

арнайы “Мінбер” үшін Моңғолиядан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі