Әйелдер мерекесі – 8 наурыз қарсаңында өзіңді қуантып, өзгеге рахмет айтатын сәтке душар болу да мерейлі, мейірімді қуаныш емес пе.

Оқырман қауым өздеріңізге мәлім біз отбасымызбен бір жыл Британияда тұрып келгеніміз жайлы кезінде жазып-сызып, «Мінбер.кз» сайты мен әлеуметтік желілер арқылы жарыққа шығарып, жариялап отырғанымыз естеріңізде болар.

Сол естелік-күнделіктерімнің басын қосып, кітап етіп «Британия күнделігі: Британияда болған бір жыл» деген ат беріп, айдар тағып, қырық жылдық досым Қазақстан Жазушылар Одағының «Жұлдыз» журналына жазбаларымнан үзінді ұсынған едім. Міне, көріп отырсыздар ондағы азаматтар ізін суытпай биылғы жылдың (№2.02.2023) екінші санына жариялапты.

Жазушы үшін туындысының тасқа басылып жарияланып, жарық көруі жаңа туған баласындай көрінеді емес пе. Журналды бүгін ертеңгі мереке алдында қолыма алып зор қуанышта отырмын. Сый-кәдем дайын болды. «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов мырзаға, оның орынбасары Тұрысбек Сәукетаев мырзаға, жауапты хатшы Думан Рамазан мырзаға, журнал ұжымына мыңда бір алғысымды айтамын, Тәңір жарылқасын!

Осы орайда барлық Аналарды, апа-жеңгелерді, қыз-келіншектерді көктемгі мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміз аман, жеріміз тыныш, әр отбасы бай, бақытты, қуанышты ғұмыр кешсін!

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі