///

Әлеумет орталығы әлеуметтендіруге күш салады

883 рет қаралды

«Әлеумет» кешені – ментальды бұзушылықтары мен мүгедіктігі бар адамдарды қайта әлеуметтендіріп, еңбек дағдыларын дамытуға бағытталған арнайы орталық.

Орталық ғимараты барынша үй жағдайына жақын жасақталып, қызмет алушылардың еңбек дағдыларын дамыту үшін тігін шеберханасы, әлеуметтік-тұрмыстық бағдарлау, ағаш шеберханасы, шағын баспахана сияқты арнйы жабдықталған бөлмелері бар.

Орталықта бүгінгі күні 15 тұрғын тұрып жатыр. Бүгінгі таңда оларды ортаға бейімдеу, өздігінен өмір сүруге үйрету мақсатында 9 қызмет алушыға 5 жұмыс берушімен меморандум жасалған.

Орталықта әр қызмет алушының өз күн тәртібі мен міндеттері белгіленген. Жүйелі жұмыстың нәтижесінде әрбір тұрғын өз-өзіне қызмет көрсету дағдыларын түгелдей игеріп, тұрмыстық қажеттіліктерін өз бетінше қанағаттандыра алатын деңгейге жеткен. Сонымен қатар аспаздық өнер, кофе дайындау, қолөнер, глинотерапия бұйымдарын жасау қабілеттерін шыңдау мақсатында түрлі шеберлік сағаттары өткізіледі.

Ашылғанына 10 ай ғана толған «Әлеумет» кешенінің жеткен жетістігі – 4 қызмет алушының еңбекке жарамдылық парағын алып, сәтті жұмысқа орналасуы. Олар: А.Абилгазиева, А.Калиев, Т.Кабашева, М.Унгалиева.  Жұмысқа тұрған қызмет алушылар қоғамдық автобустармен қызметке өз бетінше қатынауды, жолақысын төлем қосымшалары арқылы төлеп, Каспий голд карталарын қолдануды меңгерді.

Қызмет алушылар бос уақытында серуенге шығады, мәдени-демалыс орындарына барады, үйдің қасында орналасқан Бірлік көшесіндегі балалар спорт мектебінде волейбол ойнап жаттығады. Орталық аумағында жеке кәсіпкерлердің қолдауымен қайырымдылық айлығы аясында шағын жылыжай салынды. Жылыжайда қызмет алушылар еңбек терапиясымен айналысып, әр түрлі көкөністер мен өсімдіктерді баптамақ.

Пәтер кезегінде тұрған 9 қызмет алушының «Отбасы банкі» немесе «Каспий депозиті» жинақ шоттарында өз жинақтары бар. Олар «Бақытты отбасы» және «Шаңырақ» бағдарламалары арқылы конкурстарға қатысады.

Қызмет алушылардың жеке қажеттілігін ескере отырып, бір жылға бірегей жұмыс жоспары жасалады. Әр тоқсан сайын мониторинг жүргізіліп, қызмет алушылардың меңгерген дағдылары бағаланады. Қоғамға бейімделіп, отбасында өмір сүре алатындар отбасына қайтарылады. Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне іс-әрекетке қабілетсіз қызмет алушыларды іс-әрекетке қабілеттілер қатарына қайта тіркеу жөнінде хат жолданады.

Материалды дайындаған: 

Альбина Болатова, БҚО, Орал қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Альфия Шамай

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Алғабас ауылында дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегі (1998-2002ж.ж).

2016 жылдан бері «Қазақстанның тең құқық пен тең мүмкіндік институты» ҚҚ (М.А.Ускембаева) Батыс Қазақстан облысындағы жобалар бойынша өңірлік менеджері

Қазақстан Сорос Қоры мен «Zertteu Research Institute» ҚҚ ұйымдастырған «OpenBudgetFellowship2019» 2019 жылғы түлегі

Қазақстандағы Internews өкілдігі жариялаған, MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған 2021 жылғы «Азаматтық журналистер» жобасының түлегі

MINBER ақпараттық агенттігі ұйымдастырған «Журналистиканың негізгі машықтары» мектебінің түлегі

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар