////

Мұнай өнімдерінің кейбір түрлеріне шекті баға қойылады

969 рет қаралды

“Қазақстанда Энергетика министрлігінің мұнай өнімдерінің кейбір түрлеріне шекті бөлшек сауда бағасы туралы бұйрығы күшіне енеді”, – деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігі.

2023 жылдың 12 сәуірінде ҚР Энергетика министрінің «Бағаларды мемлекеттік реттеу белгіленген мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағаларды белгілеу туралы» бұйрығы күшіне енеді.

Құжатқа сәйкес шекті бағалар:

– АИ-92 және Аи-93 маркалы бензин литріне 205 теңгеге дейін;

– дизель отыны литріне 295 теңгеге дейін құрайды.

Отынның кейбір түрлеріне жаңа бөлшек сауда бағаларын белгілеу мәжбүрлі шара және оның көрші елдермен құнының диспаритетін төмендету қажеттілігімен байланысты. Бұл елден мұнай өнімдерінің шығуын азайтуға және ішкі нарықтың өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда ЖЖМ бағасы 2021 жылдың күзінен бері өзгермеген.

Сонымен қатар көктемгі егіс жұмыстары аяқталғанға дейін фермерлер үшін дизель отынының құны өзгермейді. Операторлардың шығыстарын ескере отырып, аграршылар үшін республика бойынша орташа баға литріне 204 теңге болмақ, бұл нарықтық бағадан 31% – ға төмен.

Өңірлерге көктемгі егіс жұмыстарына 419 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, бұл өткен жылмен салыстырғанда 19 мың тоннаға артық. Көктемгі дала жұмыстарына бекітілген көлем басым тәртіппен тиеп-жөнелтілетін болады. Ақпан айында 81,1 мың тоннаның 77,1-і немесе 95%-ы, Наурызда –102,2 мың тоннаның 94,2-сі немесе 92,2%-ы тиеп-жөнелтілген.

Бұл ретте дизель отынының бұрын белгіленген сараланған бағасы өзгеріссіз қалады. Атап айтқанда, Қазақстан азаматтары жүргізуші куәлігін көрсеткен кезде литріне 295 теңге бағасымен тәулігіне 100 литр сатып ала алады. Жүк, арнайы, мамандандырылған автомобильдер мен автобустар үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасында көлік құралын тіркеу туралы куәлік ұсынылған кезде тәулігіне бекітілген лимит ұқсас баға бойынша 300 литрді құрайды. Қалған санаттағы адамдар үшін, сондай-ақ жоғарыда аталған лимиттерді дизель отынын сатып алатындар үшін баға литріне 450 теңгені құрайды.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері