////

Қазақстанда бензин мен дизель отыны қымбаттайды

1419 рет қаралды

Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов 12 сәуірден бастап жанар-жағармай бағасының қымбаттайтынын мәлімдеді.

“Қазіргі төмен бағаларды сақтап отырсақ, біз қанша жанармай өндірсек те, барлық сұранысты қамтамасыз ете алмаймыз. Екіншіден, бағалар арасындағы айтарлықтай айырмашылыққа байланысты көрші елдерге “ағын” жалғаса береді, оның көлемі арта түседі. Ешқандай шектеулер күтілген нәтиже бермейтіні анық. Үшінші, жанармай бағасындағы диспропорция “көлеңкелі” нарықты дамытып, ұлттық экономикаға, мүддеге кері әсерін тигізеді. Төртіншіден, жанармайға төмен бағаның сақталуы мұнай-газ саласына инвестиция тарту, оны дамытуға, геологиялық барлау жұмыстарын жүргізіп, ресурстық базаны толықтыруға мүмкіндік бермей отыр”, – деп түсіндірді Болат Ақшолақов.

Сәуірдің 4-інде Қазақстанның арзан бензині мен дизелінің көрші елдерге кетіп жатқанын.  Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов үкімет отырысында тағы да мәлімдеді.

Премьер-министрдің сөзінше, Қазақстан жанармайды қымбаттатпаса, алдағы уақытта тапшылық күшейе түсуі мүмкін.

– Қазақстанда дизельдің бір литрі 230-260 теңге болса, Ресейде одан 45 пайыз жоғары, яғни литрі – 345 теңге. Қырғызстанда 64 пайыз жоғары немесе 390 теңге. Өзбекстанда екі есе жоғары немесе литрі 480 теңге тұрады. Осындай айырмаға байланысты транзит көліктермен және түрлі “сұр экспорт арқылы” Қазақстан жанармайы көрші елдерге әкетіліп жатыр. Біздің арзан жанармайымыз ұлттық мүддемізге емес, көрші елдердің экономикасына жұмыс істеп жатыр, – деді премьер-министр.

Бір қызығы осыдан 20 күндей бұрын ғана, нақтырақ айтсақ,  15 наурыз күні энергетика министрі бензин бағасының жақын арада көтерілмейтінін айтқан еді.

“Жақын арада бензин бағасы көтерілмейді. Жанар және жағармайдың қажетті қоры жасақталды” деген ол.

Алайда араға көп уақыт салмай энергетика министрлігі заңсыз әрекетке тосқауыл қою шараларына қарамастан, Қазақстан мен көршілес елдердің баға айырмашылығына байланысты жанармай әлі де елден контрабандалық жолмен тасымалданып жатқанын айтып, бензин бағасын 11 %-ға өсетінін, ал дизельдің орташа есеппен 20 пайызға жететінін хабарлады.

Осы орайда, “елімізде бензин бағасының қымбаттауына байланысты басқа тауарлардың құны өспек пе деген сұрақ” туындауы заңды.  Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы брифингте Энергетика министрінің міндетін атқарушы Болат Ақшолақов елімізде бензин қымбаттаған жағдайда өз пікірін білдірді.

“Ең алдымен, біз жанар-жағармай бағасын екі есе көтергелі жатқан жоқпыз. Дәлірек, бензин бағасы 11%-ға, дизель отыны шамамен 20%-ға көтеріледі. Ашығын айтатын болсақ, жанар-жағармай өнімдерінің бағасының өсуі басқа тауарларға әсері бұл асыра айтылған деп ойлаймын”, – деп айтты Ақшолақов.

Еліміздегі жанар-жағармай бағасын көтеруді енгізеді: АИ-92 және АИ-93 бензиндері – 11%-ға өседі. Сол сияқты дизель отынының бағасы да 20 пайызға өседі.

Гаухар Сәтпаева

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Арыс саңлағы – Солтікен

Алғашқы арыста 1975 жылы күз. Қытайдың Шыңжаң өлкелік балуандар командасына Алтай, Тарбағатай, Іле, Қашқар, Қотан, Ақсу,

“Мінбер” қорына 15 жыл!

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығы 15 жыл бойы қазақ журналистерінің біліктілігін арттыруға өлшеусіз үлес қосып келеді. Ұлы

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,