///

Журналистік этика: Қандай жағдайда баланс сақталмауы мүмкін?

980 рет қаралды

Алматыдағы Holiday Inn Express қонақ үйінде “Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен  өтіп жатқан “Журналистиканың негізгі машықтары: Тереңдетілген деңгей» атты тренингінде қатысушылар “Заманауи журналистика және медиа этика” тақырыбында, Өнертану докторы, PhD, Қауымдастырылған профессор Молдияр Ергебековтің дәрісін тыңдады. 

Молдияр Ергебеков Медиа этиканы философиялық ойлармен астастыра отырып түсіндірді. Қатысушылар мораль мен этиканың айырмашылығын түсінгенін айтты. Сонымен бірге, профессор медиа этика қандай жағдай бұзылатындығына да назар аударды.

Мәселен дейді ол, контент жасау барысында журналистер қоғам тарапынан түрлі қысымға ұшырайды. Соның бастысы –  идеология немесе саяси экономия. Яғни мемлекеттік сатып алудың салдарынан бізде қоғам назарын аудару мақсатында жаңалық құндылығы төмен ақпараттар беру тенденцияға айналып кетті. Сонымен қатар, жаңалықтың құндылығы да біздің этиканы бұзуымызға ықпал етеді. Егер жаңалық құндылықтарын “уақыт, арақашық, нәтиже, өзекті, қызықты” десек журналистер “қызықты” ақпарат беруді мақсатқа айналдырып алды.

Сондықтан да қоғамда болып жатқан өзекті проблемаларды қозғағаннан гөрі шоу бизнес өкілдерінің ізін аңдып кеттік. Бұл журналистік этиканың бұзылуының негізгі факторлары.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар