////

Түркістандағы көгалдандыру жұмыстары: Миллиардтар жұмсалғанымен, нәтиже көңіл көншітпейді

2368 рет қаралды
Түркістан қаласындағы дендропарк. Көрнекі сурет

«ЖАСЫЛ АЙМАҚ” КММ ҚОМАҚТЫ ҚАРЖЫҒА ТАПСЫРЫС БЕРГЕН ТОП ҮШ МЕРДІГЕР КОМПАНИЯ 

«Жасыл аймақ» — Түркістан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына қарасты коммуналдық мекеме. Мемлекеттік мекеменің негізгі міндеті – орман тұқымы аумағын қалыптастыру, питомник шаруашылығын кеңейтіп, өңір бойынша жасыл аумақтың қарқынын арттыру. Сонымен қатар, елді мекендерді көгалдандыру және олардың айналасында жасыл аймақтар құру.

Ендеше өңір климатын жақсартуға көзделген мекеменің қандай компаниялармен келісімге отырып, мемлекет қазынасынан қанша қаржы жұмсалғанын тарқатып көрелік. «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесімен төрт жыл ішінде 3 мердігер компания қомақты қаржыға келісім-шартқа отырған. Олар: «Ынтымақ Бес-Арыс» ЖШС, «БаяндыҚұрылыс» ЖШС және «Канай» өндірістік кооперативі. Төменде осы үш компанияның алған қаржыларын сарапқа салып көрген едік.

«Ынтымақ Бес-Арыс» –17 жылдан бері нарықта жүрген шымкенттік компания. Компанияның негізін қалаушы — Камалов Ерғали Әбубәкірұлы, алайда 2020 жылдың 12 маусымынан бастап компания қайта тіркелген, негізі құрылтайшыларының бірі — Әбдібаев Мұрат Махамаджанұлы.

Соңғы төрт жыл ішінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 27 тапсырыс алған. Оның ішінде ең қомақтысы — «жасыл белдеу аумағында көшет отырғызу жұмыстар» бойынша 2023 жылда 600 миллион теңгеден астам тапсырыс алған. Жалпы 4 жылда иеленген қаржы: 2,5  миллиардтай теңгені игерген. 

«БаяндыҚұрылыс» ЖШС 3 жылда иеленген қаржы: 2 130 479 393

«БаяндыҚұрылыс» ЖШС – 13 жылдан бері нарықта жүрген, түркістандық компания. Компанияның негізін қалаушы — ТАСОВ НҰРЛАН БИМҰРЗАҰЛЫ. 2023 жылдың 10 ақпанында қайта тіркелген, негізгі құрылтайшылардың бірі — МҰСАБЕКОВ КУАНЫШБЕК БАЙДУЛЛАҰЛЫ.

«БаяндыҚұрылыс» ЖШС компаниясы соңғы үш жыл ішінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 16 тапсырыс алған. Оның ішінде ең қомақтысы – «Түркістан қаласының айналасындағы жасыл белдеуде ұңғымаларды бұрғылау (ұңғыма 23 дана)» жұмысы бойынша 2022 жылы 537 116 000 тапсырыс алған.

«Канай» өндірістік кооперативі 3 жылда иеленген қаржы: 1 983 479 747

«Канай» өндірістік кооперативі – 26 жылдан бері нарықта жүрген сайрамдық компания. Компанияның негізін қалаушы — ДАНИЯР ПЕРНЕБАЙҰЛЫ СЕМБИЕВ, ал негізгі құрылтайшылардың бірі — ЖҮНІСБЕК АБЫЛАЙХАН СЕРІКҰЛЫ.

«Канай» өндірістік кооперативі соңғы үш жыл ішінде «Жасыл аймақ» коммуналдық мемлекеттік мекемесінен 12 тапсырыс алған. Оның ішінде ең қомақтысы – «Түркістан қаласының айналасында Жасыл белдеу аумағында ұңғыма бұрғылау жұмыстары (40 дана)» орнату үшін 2022 жылы 868 030 000 тг тапсырыс алған.

«Ағаш көшеттеріне осы күнге дейін түгендеу сапалы жүргізілмеген»

 

Түркістанның көгалдандыру жұмыстарына қарата айтылатын сындар өте көп. Мәселен Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының өзі кезекті апталық отырысында көгалдандыру бағытындағы жұмыстарды талқылап, «Жасыл аймақ» КММ-не біршама кемшіліктерге ескерту берген болатын. Сондай-ақ өңір басшысы егілген ағаштарды күтіп-баптау, өсіру ісін сапалы атқаруды, көгалдандыруға қатысты жұмыстарға көңілі толмайтындығын ашып айтты.

Жоғарыда біз тарқатқан компаниялар соңғы 3 жыл ішінде мемлекет қазандығынан 6,5 миллиардтан астам қаржы иемденген. Бұл біз қарастырған тек 3 компания ғана. Түркістан өңірін жасыл аймаққа айналдыру шараларына бөлінген қаржы есебі өте қомақты екеніне көз жеткіздік. Алайда нәтиже көңілді көншіте ме, мәселе осыда?!

Ғалия Бисейіт, 

Түркістан қаласы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері