//

Шіліңгір ыстық оқиға немесе Александар Невскийге неге ескерткіш қойылды?

738 рет қаралды

Шілденің шіліңгір ыстығында қазақ баласы үшін Алматы қаласында шілденің 12-сі күні де бір «шіліңгір ыстық» оқиға болды. Орыс Православ өкілдері өз білермендіктерімен өз шіркеулері аумағында православтық әулие Александр Невскийдің атқа мініп, айдындап, жортып келе жатқан ескерткішін ашты. Ашылу салтанатына қала әкімі Досаев қатысты.  

Өзіміздің төлтума ерен тұлғаларымызға жарытымды ескерткіш орната алмай жатқанда, мынау не «сұмдық» деген жұрт күйіп кете жаздады. Бұл шараға әкімнің өзінің қатысуы билік тарапынан ықыластың болғандығын көрсетеді.

Ал сонда бұл Александр Невский деген кім? Ол князь Александр деп те аталады. Шамамен 1220 жылы туып, 1263 жылы қайтыс болыпты. Орыстың саяси қайраткері әрі қолбасшы. Новгород (1236 – 1251 жылдары) пен Владимир (1252 – 1263 жылдары) қалаларының князі болған. Владимир княздігінің (аумағының) ұлы князі Ярослав Всеволодовичтің ұлы екен.

Шешесі қыпшақ билеушісінің қызы дейді екен. Демек қазаққа жиен.

Алтын Орда билеушісі Бату хан орыс княздіктерін бағындырғаннан кейін Ярослав өзінің бағынғанының белгісі ретінде ұлы осы Александрды аманатқа берген. Бату хан оны ордасында өкіл бала ретінде ұстайды және үлкен ұлы Сартақпен анда қылады.

Русьтің солтүстік-батыс жерлеріне шведтер мен немістер қауіп төндірген заманда Новгород халқы Бату ханнан көмек сұраған. Бату хан оларға көмекке Александр бастаған жасақты аттандырады. Александр жасағы ладогалықтармен бірігіп швед әскерлерін Ижора өзенінің Нева өзеніне құятын сағасында талқандайды. Нева – Ресейдің Ленинград облысындағы өзен. Ұзындығы 74 км. Бастауын Ладога көлінен алып, Фин шығанағына құяды. Нева құйғанында Санкт-Петербург қаласы орналасқан. 1240 жылы Невада болған осы шайқас үшін Александр “Невский” деген атақ алды. Алайда Невскийдің Новгород боярларымен қарым-қатынасы шиеленісіп, ол Новгородты тастап, Алтын Ордаға оралады. 

Осы орайда Ливон рыцарьлары Руське баса көктеп кіреді. Новгородтықтар Бату ханға өкілдерін жіберіп, Александр Невскийді тағы да шақыртады. Александр Невский 1241 жылы көктемде Копорья мен Псков қалаларын немістерден азат етеді. 1242 жылы Чудь каласында орден әскерлерін жеңіп, неміс рыцарьларының шабуылын тоқтатады.

Ол папа куриясының Алтын Ордаға қарсы жорық жасау әрекетіне қарсы шықты. Александр Невский Алтын Ордаға бағыну арқылы Русьтің солтүстік-батыс шекарасын қорғап қалды. Бірақ ол орыс княздары мен боярлары тарапынан үлкен қарсылыққа ұшырады және 2 рет Новградтан қуылады

Ол 1263 жылы Алтын Ордадан Руське келе жатқанда, Городец деген жерде қайтыс болады.

Александр Невский – Орыс елін крест жорығынан қорғап қалғандығы үшін орыс православ шіркеулерінің әулиесі, ал жалпы орыс әлемі үшін шет ел басқыншыларынан ел мен жерін аман алып қалған, орыс мемлекетінің қалыптасуына зор үлес қосқан батыр қолбасшы, мемлекет қайраткері. 

Петр 1 бұйрығымен Александр Невскийдің мәйіті Санкт-Петербургке әкелінеді. Отан қорғаушылардың айбынын асырып, ата-баба атымен рухтандыру үшін болса керек, 1725 жылы оның атында жауынгерлік орден тағайындалады. Мұндай әскери орденді 1942 жылы кеңес өкіметі де шығарады. Солай болса да оның өмірі мен қызметі туралы әлі күнге дейін ғалымдар мен тарихшылар тарапынан бір жақты, бір ізді, тиянақталған бірыңғай баға берілмеген. Оған тағылатын ең үлкен айып – оның Алтын Орда ханының қол баласы болып, оған адал қызмет еткендігі болса керек. Сол үшін де оны қожайынына адал берілген холоп дейді. Холоп – қожайынына адал қызметкер, құл.

Ал оның Алматы қаласының тарихына да, жалпы Қазақстан таихына да қатысы жоқ болса да, өле-өлгенше Алтын Орда атымен әйгілі супер держава Жошы ұлысына, оның билігіне адал қызмет еткені – дәлелденген, бұлтартпас тарихи шындық. Осы тұрғыдан келгенде Алтын Орда мемлекетінің бүгінгі мұрагері Қазақ Елінде оның ескерткішінің тұруының еш әбестігі жоқ па деп теьойлаймыз.

Олай болса, Ресей тарапынан кешегі қызыл кеңес билігі кезінде оның адал қызметшісі болған Д.А.Қонаев пен Н.Ә.Назарбаевтарға Москва қаласының төрінен ескерткіш орнатуға неге болмасқа?! Оның не сөкеттігі болар еді?

Ал кешегі жағадайда,
Алматы қаласының әкімі Досаевтың осы ескерткіштің ашылу салтанатында мойынына жіп салу жаман ырымына баланатын қ
ызыл ала қарғы бау тағып, орыс попының алдында басын иіп, сүмірейіп тұрғаны, советтік құлдық санадан арыла алмаған шенеуіктердің сиқын көрсетумен қатар жігеріңді құм қылады.

Қарамер

Дереккөздер: https://kk.wikipedia.org/

 

 

 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар