///

“Шешім журналистикасының зертханасы” жобасына қатысуға өтінімдерді қабылдау басталды 

1683 рет қаралды

“Әділ сөз” сөз бостандығын қорғау халықаралық қоры “Шешім журналистикасының зертханасы” жобасының бірінші легіне қатысуға өтінімдерді қабылдаудың басталғаны туралы хабарлайды. Жоба журналистер, блогерлер және БАҚ үшін қоғамдағы өткір мәселелерді көтеріп қана қоймай, сонымен қатар олардың тиімді шешімін табуға бағытталған журналистиканың жаңа озық жанрында өзін сынап көрудің бірегей мүмкіндігін ұсынады. Бұл туралы “Әділ сөз” қорының сайтында жарияланып отыр. 

   “Шешім журналистикасының зертханасы” –  бұл журналистер мен ақпарат саласында қызмет ететін мамандарға өздерінің кәсібилігін арттыруға, қызықты тақырыптардың тұрақты көзін табуға және өз қалаларында, аймағында немесе еліміздегі оң өзгерістердің бір бөлігі болуға шақыратын жоба.  Аталған жоба  – медиа салада кәсіби беделін нығайтып, аудиториясын көбейтіп, оны белсенді еткісі келетін, жарияланатын материалдарға деген сенім деңгейін арттырып, мемлекеттік және жеке құрылымдармен өзара іс-қимылды жеңілдеткісі келетін ақпарат құралына арналған мүмкіндік.

Жоба барысында  тренингтер, тақырыпты зерттеуді, материалды дайындау және жариялауды қамтиды. «Шешім журналистикасының зертханасына» қатысушыларға стипендия, іссапарлар төленеді және ақылы деректер базасына қолжеткізу мүмкіндігі беріледі.

Жобаның бірінші легіне қатысуға өтінімдерді қабылдау мерзімі 2023 жылдың 13 қазанына дейін жалғасады.

Жобаның бірінші легі өз жұмысын 2023 жылдың 27 желтоқсанында аяқтайды.

Жобаға қатысу үшін өтінішті екі жолмен беруге болады:

  • Өз бетінше
  • БАҚ-серіктестің бас редакторының ұсынысы бойынша

Өтінішті https://solvefuture.kz сайтына кіру арқылы бере аласыз

   Толық ақпаратты жобаның ресми сайтында www.solvefuture.kz, email info@solvefuture.kz және  +7 777 400 2210 телефоны арқылы алуға болады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі