///

Жұлдыз Сүлейменова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты: Баспасөз картасын заң жобасынан алып тастау туралы ұсыныс енгіздік

1563 рет қаралды

24 қараша Алматыда Intercontinental қонақ үйінде жыл сайынғы дәстүрлі Медиақұрылтай өтті.

Құрылтайда ҚР Парламентінің VIII шақырылымының жанынан құрылған Қоғамдық палатаның кезекті отырысы ұйымдастырылды. Бұл жиынның негізгі мақсаты Парламент Мәжілісінде талқыланып жатқан “Масс медиа туралы” заң жобасын талқылау болды

Мәжіліс депутаты Жұлдыз Сүлейменова “Масс медиа” туралы заң жобасындағы 179 позициядан тұратын өзгерістің 26 позициясын медиа қауымдастық өкілдерінің ұсынғандығына тоқталып өтті.

фото: Азаттық рухы

— Осыған дейін Парламент Мәжілісіндегі жұмыс тобы  16 рет отырыс өткізілсе, оның сыртында осындай қоғамдық талқылаулардың да 5-6 өтті, нәтижесінде   21 жиын өткіздік.

Ең бірінші кезекте сұрақ туындатқан дүние журналистерді аккредиттеу мәселесі. Өйткені келіп түскен нормада журналистерді аккредиттеу мен жеңілдетілген аккредиттеу мәселесі, баспасөз картасы деген үш ұғым берілді. Біз жалпы аккредиттеуді толыққанды бір ұғым етуді сұраймыз. Жеңілдетілген аккредитация және баспасөз картасын алып тастауға байланысты “Аманат” партиясының жетекшісі Елнұр Сабыржанұлы сонымен қатар Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрағасы Аймағамбетов Асхат Қанатұлымен бірлесіп түзету енгіздік.

Мұндағы мәселе не?

— Жалпы аккредиттеу ол бір ортақ ұғымға және ортақ тәртіпке негізделуі қажет. Егер ол жеңілдетілген немесе онлайн тағы да басқа түрлерін ұсынатын болсақ біріншіден азаматтарымыздың арасында түсінбеушілік болады, екіншіден жалпы Конституция бойынша теңдік мәселесіне қатысты сұрақ туындайтынын медиа қоғамдастық өкілдері өздері дәлелдеп, дәйекті түрде жеткізді.

Біз астын сызып тұрып айтқымыз келеді

— Мәжілістің масс медиа мәселелері жөніндегі жұмыс тобының мүшелері де, мәжілістің VIII шақырылымының депутаттары баспасөз картасы деген норманы қолдамайды. Ол норманы алып тастауға байланысты түзету енгізілді. Оны дауысқа салу арқылы шешетін боламыз. Бүгін айтылған мәселе масс медианың ендігі мақсаты – жаһандану кезеңдеріндегі контенттің таратылуы мен контенттің бәсекеге қабілеттілігін дамыту бұның аясында ұлттық баспасөзге субсидия бөлу, балалардың баспасөзіне, басылымдарына сондай-ақ салық преференцияларын жаңа салық кодексінде қарастыру.

Маңызды мәселе

Ақпараттық саясаттың принциптары үлкен мәселе. Бұл келіп түскен заң нормаларында болған жоқ. Бірақ жаңадан енгізіліп отырған заң нормаларымыз бар.

Бұл қалай жүзеге асырылады?

Ұлттық мәселелерді, мемлекеттік саясатты, тіл мәселесі, елімізде болып жатқан өзекті проблемалардың барлығы біздің ақпараттың негізгі принциптеріне орнығу қажет. Тағы бір мәселе, қоғамдық орындардағы лауазымды тұлғалардың медияның таратылуына байланысты құқығына байланысты қоғам қайраткерлерінің тарапынан ұсыныстар айтылды. Қазір заң жобасында түзету енгізгенімізді атап өткен жөн.

Тағы бір маңызды мәселе

Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың ашықтығы мен тиімділігі. Осыған қатысты да бірнеше норма ұсындық. Ең бірінші есептілік, қай жаққа кететіндігі мен бізге келіп түскен өтініштерге сәйкес келіп түскен қаражаттың шығармашыл журналистерге жетпейтіні айтылады. Көбіне басшылықтың тарапына кететініне қатысты нормаларды ұсынып отырмыз.

Ұсыныс

Қаламақы қорын міндеттеуге қатысты нормалар. Бұл қаржыны талап ететініне қатысты болғандықтан үкіметке концептуалды норма ретінде жолдадық. Салауаутты өмір салтын насихаттау мен мемлекеттік тілде контент жасауға және таратуға қолдау көрсету. Үлкен мәселенің бірі бұл балалар мен жасөспірімдерге танымдық білім беру контентін жасауды да енгізіп отырмыз. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты да реттейтін және бұған дейін бұл норма енгізілмеген. Реттеу тетіктері аталған механизмдермен норма енгізілді. Сонымен қатар бұқаралық ақпарат құралдарына бөлінетін гранттарға қатысты толықтырылған, жақсартылған норма енгізілді. Бұдан бөлек, мемлекеттік емес масс медианы бюджеттен қаржыландырудың ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз етуге байланысты норма енгізілді.

Жалпы осы нормалардың негізгі мәселесі нормаларды жүзеге асырудың және мемлекеттік саясаттың қоғамға ашық, ақпаратты уақытылы жеткізуді қамтамасыз етудегі реттеу тетіктерін, контент дамытуға байланысты, контенттің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға байланысты реттеп отырға тырыстық. Негізі әрбір отырысымыз талас-тартыспен өткізіліп, нормаларды осындай тартыспен енгізіп жатырмыз. Түске дейін айтылған мәселеде де қоғамдық палатаға бұл сұрақты қойғанымыздың өзі біразының көкейде жүрген сұрақтарына жауап бергендейміз.

Парақшамызға жазылыңыз

Дина Айтбекова

Дина Айтбекова Бақытбекқызы
Алматы қаласы, SDU университетінің 4-курс студенті, Журналистика мамандығының болашақ түлегі.
2021-2022 жылы Alatau медиа холдинг, Turkistan.tv тілшісі болған, 2023 жылы Misk.kz сайтында материалдары жарияланған.
MediaNet медиасы ұйымдастырған курстың қатысушысы.
Azattyq.kz радиосы халықаралық сайтында өндірістік тәжірибеден өткен.
Taboo сайты, Shashbau ютуб каналының негізін қалаушылардың бірі. Minber.kz сайтының авторы.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі