//

Қостанайдағы ТЖ: үйінді астынан үш адамның денесі табылды

589 рет қаралды
Фото: Қостанай облысы ТЖД

Қостанайда төтенше жағдай орнындағы үйінділерді қопару жұмыстары аяқталды. Қаза тапқан үш адамның денесі табылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қостанайда Амангелді тұрғын алабының аумағында құтқару жұмыстары аяқталды. 12 адам құтқарылды. Үшеуін құтқару мүмкін болмады.

Облыстық ауруханаға төрт адам жеткізілді. Қалалық ауруханаға – алты. Медициналық көмекке бір адам өз бетінше жүгініп, біреуі ауруханаға жатудан бас тартты.

Жедел штабтың хабарынша:

“Барлық зардап шеккендерге қажетті медициналық қызметтердің барлық кешені көрсетіледі. Жеті бірлік жеңіл және бес бірлік ауыр жүк техникасы, сондай-ақ жақын маңдағы 12 жеке үй құрылыстары зақымданды. ҚК-нің 292-бабының 3-бөлігі бойынша “екі және одан да көп адамның абайсызда өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Өртті сөндіру және іздестіру-құтқару жұмыстарына 263 төтенше қызмет қызметкері мен 61 техника жұмылдырылды. Сондай – ақ, “Дос” және “Қызыл жарты ай”, “10 аймақ” еріктілер топтары тартылды”.

Естеріңізге сала кетейік, 11 желтоқсан сағат 12:36-да (шамамен) жану алаңы 5 шаршы метр болатын газ-ауа қоспасының жарылысы болды, нәтижесінде 280 шаршы метр алаңдағы бір қабатты ғимарат толық құлады. Өрт 13:25-те оқшауланып, 13:52-де тоқтатылды.



Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі