/

Алматыда 5 баллдық жер сілкінісі болды

475 рет қаралды

Алматыда, сондай-ақ Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстанның түрлі қалаларында жер сілкінісі сейсенбі күні жергілікті уақыт бойынша 0:10-да сезілді.

Алматыда ұзаққа созылған жерасты дүмпулері сезілді.

Төтенше жағдайлар министрлігінің сейсмикалық стансалар желісінің мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында, Алматыдан 264 шақырым жерде болған.

Алматыда, Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, жер сілкінісінің күші 5 балл, Шымкентте 2 балл болған.

Еуропалық сейсмологтар эпицентрдегі магнитудасы 7 балл болғанын, ал жер сілкінісінің өзі Шыңжаңда болғанын айтады.

Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінісі кезіндегі он қарапайым қадам туралы айтты:

1. Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
2. Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
3. Жиhаздан, терезеден, ары тұрыңыз;
4. Жасырынатын жерді табыңыз – жоғарғы қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында орын алып жасырыңыз;
5. Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда);
көпқабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
6. Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
7. Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
8. Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
9. Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
10. Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі