///

Сайран су қоймасын абаттандыруға бюджеттің қанша қаржысы жұмсалуда?

1409 рет қаралды
фото: Азаттық

Алматы қаласы Алмалы ауданы Тастақ шағын ауданына қарасты Сайран көлі (су бөгені) маңайының қоршалып, абаттандыру жұмыстарының жүргізіле бастағанына біраз уақыт өтті. 

Көпшіліктің көкейінде Сайран су бөгенінің аумағын абаттандыруға халықтың қалтасынан қанша қаржы жұмсалып жатқаны жайлы сауалдың туындауы заңды деп ойлаймыз. Minber сайты ашық дереккөздерін пайдалана отырып, осы сауалдың жауабын іздеп көрген еді.

10 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕГЕ САЙРАН КӨЛІН АБАТТАНДЫРАМЫЗ

Мемлекеттік сатып алулар порталында Алматы қаласы “Экология және қоршаған орта басқармасы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Сайран көліне қатысты бірнеше келісім шарты бар екен. Солардың ең бастысы – “Сайран су қоймасына iргелес аумақты абаттандырумен жағалау қорғанысын қайта құру” деп аталатын 2024 жылдың 5-қаңтарында жасалған №050240003614/230120/02 келісім шарты. Бұл жобаға қатысты алғашқы хабарландыру – 2023 жылдың 19 қыркүйегінде жарияланған. Негізгі келісім шартқа былтыр желтоқсан айының 4-інде қол қойылған. Сатып алу типі көп жылдық, Сатып алудың құны –  10 миллиард 739 миллион 300 мың. Жұмысты атқарушы – “Павлодар өзен порты” Акционерлік қоғамы. Компания бұл жұмысты  рейтингтік-баллдық жүйені пайдалану конкурсы бойынша жеңіп алған.  

Аталған компанияның мемлекетке төлеген салығы соңғы бес жылда геометриялық прогреспен өскен. Назар аударыңыз: 

Келісімшарт бойынша Сайран көлін абаттандыру жұмыстары биыл жылдың соңында аяқталуы тиіс. Жыл басынан бері екі жүз миллион теңге төленіп үлгерген. 
 
 200 МИЛЛИОНҒА ИНЖИНИРИНГТІК ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТІЛЕДІ
 
Тағы бір компания “PremierExpert” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Сайран су қоймасына іргелес аумақты қайта құру (абаттандыру) үшін жобаны басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуді өз мойнына алған. Компания бұл жұмысты – 200 миллиондай теңгеге атқармақ.
 
Алматы қаласында орналасқан суқоймаларын (Әуежай көлі, Қарасу көлі және Сайран бөгені) (жаңа құрылыс) механикалық тазарту үшін тағы бір компания 500 миллион теңгеге қызмет көрсетпек. 
Бұл жұмысты “TOLAGAI-2050” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыратын болады.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі