////

Тренингтің бірінші күні қалай өтті? Датаны сұрыптаудан визуализацияға дейін

2840 рет қаралды
Minber.kz

“Мінбер” журналистерді қолдау орталығының ұйымдастыруымен Ақтөбелік журналистерге арналған «Дата журналистика және жасанды интеллект шеберханасы» медиа тренингінің алғашқы күнінен естелік суреттерді бөлісе кетейік. Аталған шараға  Ақтөбе облысы, Мұғалжар, Хромтау, Ырғыз аудандарынан, Орал қаласынан арнайы келген журналистер қатысты.

Minber.kz

Бүгінгі журналистиканың трендтері: Тренерлер нені басшылыққа алды?

4 тренер дата журналистика және жасанды интеллект тақырыбының аясында теориялық сабақтар өткізді. Әр спикерге 40 минут берілді. Тренингті бірінші болып медиатренер, SDU ассистент профессоры, “Minber” қоғамдық қорының жетекшісі, жоба жетекшісі Есенгүл Кәпқызы бастады. Есенгүл ханымның сөзінше, демократиялық елдің басты көрсеткіші бұл — қолжетімді ақпарат.

Minber.kz

Ашық ақпарат — демократияның негізі

Тренингтің негізгі мақсаты — журналистерге дата журналистика және жасанды интеллект туралы ақпарат беру. Менің тақырыбым ақпаратқа қол жеткізу және оны жинаудың жолдары. Неге? Өйткені демократияның 3 негізі болады. Олар: ақпаратқа қол жеткізу, ашықтық және есептілік. Соның ішінде ақпаратқа қол жеткізу — негіздердің негізі. Ақпарат біздің өмірімізге әсер етеді. Біріншіден, шешім қабылдауға әсер етеді. Екіншіден, ақпаратты біліп отыру ол — қару, ақпаратпен қаруланған адам — мылтықпен қаруланған адамнан да мықты болады. Ашық ақпарат — демократияның негізі“.

Келесі спикер — Баубек Сағындық «Датаға негізделген мультимедиалы материалға инфографика жасау жолдары» тақырыбында тренинг өткізді. Оның сөзінше, дата журналистикада визуалдан бұрын материалдың мазмұны мен этиканың сақталуына көңіл бөлген жөн:

Minber.kz

Материалда негізгі мақсат оқиға, этикаға мән беру, ал визуализация процестегі соңғы қадам

Дата визуализация бұл — кез-келген журналистік материалдың ең соңғы қадамы. Материалда негізгі мақсат оқиға, этикаға мән беру, ал визуализация процестегі соңғы қадам. Бұл материалды түсінікті етіп, көркем етіп, оқырманға оңай жеткізудің бір тәсілі ғана. Дата визуализациядағы ең маңызды нәрсе бұл — visual (ред. — көрнекі) этиканың сақталуы. Яғни оқырманды адастырмау, оған жалған ақпарат бермеу, алдамау. Оқырманға материалды көркем, түсінікті етіп жеткізу. Әрине қоғамда дата визуализация туралы жалған немесе қате түсініктер бар. Мысалы: “Инфографика ол — дата визуализация” немесе “Дата визуализация бұл — сандарды әдемі етіп көрсету”, деген түсініктер. Бірақ мен бұл нәрсемен келіспеймін. Өйткені дата визуализацияның артында оқиға, проблеманың шешімі болу керек“. 

Minber.kz

Қатысушы Нұрмұқан Қонысбаевтың пікірінше тренингте өмірге қажет қарапайым ақпараттан бастап, күрделенген дата журналистика туралы сауалдардың жауабын алуға болады:

Тек қана журналистика емес, қарапайым өмірге керек Excel сияқты қондырғыларды үйрендік. Жалпы адамның өмірін қалай жеңілдетуге болады деген сұраққа жауап алып жатырмыз. Қанша рет онлайн, офлайн дата журналистика туралы тренингтерге қатыстым, бірақ дата туралы енді миыма бірдеңе кірген сияқты. Бұл не? Ол жерде не айтылуы керек? Қандай ақпаратты қайдан алу керек? Осы сұрақтардың жауабын алдым“.

Қатысушы Нұргүл Қонақбаева Ақтөбе облысы кәсіподақтар орталығының баспасөз жөніндегі маманы болып қызмет атқарады. Нұргүл ханым тренингтің маңыздылығымен қатар, ERG компаниясының Ақтөбе өңіріндегі жұмысы жөнінде пікір айтты:

Бұл тренинг туралы мен Асқар Ақтілеуден естідім. Жалпы маған ұнады. Өйткені дата журналистика бұл — жаңа тенденция. Адам өмір бойы ізденіске, жаңашылдыққа талпынып отыру керек деп ойлаймын. Сондықтан жасым 49-да болса да, қатысуға бел будым. Визуализация, дата журналистика тақырыптары өте актуалды. Журналистер датаны меңгеру арқылы қоғамдағы актуалды мәселелерді көтеріп, оны елдің мүддесіне қарай бағыттап, шешуге ықпал ете алады. Тренингтің демеушісі ERG компаниясы біздің Ақтөбе өңірінде көптеген ірі жобаларды іске асырып жатыр. Басқа инвесторларға қарағанда, ERG компаниясының ұнайтын тұсы — өздерінің жұмысшыларының еңбек құқығына, қауіпсіздігіне, әлеуметтік жағдайын жақсартуға көп көңіл бөледі. Қоғамды жақсартуға, ізгілендіруге қосып жатқан үлесі де көп. Басқа компаниялар да солардан үлгі алса екен“.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар