cd9c26

Есенғали Раушанов – қазіргі таңда қазақ поэзиясының ең шыңында. Оның өлеңдері интеллектуалды поэзия. Ал бұл оқырманы ең аз, тыңдарманы одан да аз поэзия. Бірақ, ол – поэзия!..

Я хотел бы
Жить и умереть в Париже,
Если бы не было такой земли –
Москва.
                                                       В. Маяковский

Көгілдір кеш,
көкмешіт,
жорғабұлақ,
Аспан да – бақ,
жер де – бақ,
жолдағы – бақ.
Мен Ташкентте өлер ем,
Алматым бар,
Құша қашып тұрған жоқ ол да бірақ.

Жан-жағымнан қап-қара тасқын қамап,
Жан дәрмен күн қаша алмай бас бұрмалап,
Мен Ташкентте өлер ем,
Саламатхан,
Сенің нөпір шашыңның астында қап.

«Мен қазақпын!
Алматы,
ар ма!» – дедім.
Жылытпады ол мұз болып қалған өңін.
Қап ашығар қазаққа… дедім іштей
Қарындасы секілді хан Кененің.

Тұлдана да қарайды, сұрлана да
Нөкеріндей көк найза шыңдар ана.
Қатал,
қайсар,
қызғаншақ,
өркөкірек,
Бір нәзіктік бар бірақ бұл қалада.

Бір нәзіктік бар онда… тіксінбелік,
Қайсар қыздың жанын ел ұқсын делік.
Сұлу жүзін жас жуып кетеді әркез,
Бірақ, кірпік қақпайды ол сұп-сұр болып.

Мәйін бұлақ алдымда жорғалады,
…Мешіттерді аралап жол барады.
Мен Ташкентте өлер ем,
Алматы бар,
Тек мен ғана түсінем ол қаланы.
                                                     Есенғали Раушанов

Алматыны, құс андыған көшеден,

Есенғали ғана түсінген.

                                                    Ақберген Елгезек

Олар да Алматыны түсінбей ме,
Түсінбесе болады қандай ақын?!

                                                         Хамит Есаман.

1412954997

“Алматының аспанында бұ­рын жұлдыз болған емес” деген жолыңызды түсiнбе­гендер көп. Өзiн-өзi атып өлтiрген ақын туралы өлең де екi ұдай пiкiр туғызды, бұған не дейсіз?” Есенғали Раушанов “Жас Алаш”газетіне берген сұхбатында осы сұраққа былай деп жауап берді:

“Алматының аспанында бұрын жұлдыз болған емес” дегенге сенбегендер тап бүгiн түнде бажайлап қайтадан бiр қарап көрсiн, жұлдыздар қазiр де жоқ. Ал мен өлең жазып жүрген жылдары жұлдыздар сұмдық көп болатын ”.

Жұлдыз Әбділдаға берген сұхбатында ол тағы былай дейді “1991 жылдан бері мен газет оқымаймын. 1991 жылдан бері теледидар, соның ішінде қазақ теледидарын қарамаймын. Радио екібастан. Аманхан айтса қарауым мүмкін. Кейінгі кезде ол да ештеңе айтпайтын болып жүр. 1991 бастап 2015 жылға дейінгі аралықта әдеби процесс тоқтап тұр. Біз артымыздан ерген жастарға дұрыс тәрбие бере алмадық. Қазіргі жастардың кілең вариация жасаумен әуестеніп кеткені де содан. Поэзияда жаңалық жоқ. Сен қолтаңба туралы айтып отырсың, қолтаңба қайдан болады, жаңалықтың өзі жоқ! Өзі болмайтын себебі, біз оларды салғаннан мақтадық. «Қандай керемет, не деген ғажап!» деп, сайттан сайт қоймай, газеттен газет қоймай, мақтаумен болдық. Ешқайсысы сыналған жоқ. Нәтижесінде, әдеби өлімге пара-пар жағдайға тап келіп отырмыз. Мен пессимист емеспін, бірақ, әдебиеттің қазіргі ахуалы оптимистік ойға жетелемейді. Әдебиеттің қазіргі ахуалы деген не сөз? Ол қоғамның қазіргі ахуалы деген сөз.  Ал ол ахуал маған кереметтей бір оптимистік болжамдар, байламдар жасауға мүмкіндік беріп отырған жоқ. Менің әдетте интервью бермейтінім, мақала жазбайтыным, жастармен кездесуден қашатыным, олардың өлеңдерін оқып жүрсем де, оқымадым деп көзапара өтірік айтатыным, құтылып кетуге тырысатыным осыдан”.

Есенғали ақынды көп адамдар “шатақ кісі” дейтіні де осыдан. Ол шындықты әрдайым тура айтты. Алматы ақындар қаласы. Ал, оны тек Есенғали ғана түсінетіні, одан басқа бұл қаланың аспанында жұлдыз жоқ дегені…  Бұның барлығы ақынды оның өлеңіндегідей қатал, қайсар, қызғаншақ, өр көкірек қылып көрсетуі мүмкін.  Солай да шығар, бәлкім… Иә, ол кезінде Тұманғали Молдағалиев, Қадір Мырза Әлі секілді алпауыттардың қасында жүрген. Биік шындардың қасында тұрған ақын, кішкене төбешіктерді меңсінбеуі де мүмкін, әрине… Меніңше адамды сынамас бұрын, оның өміріне, ішкі дүниесіне көз жүгірткен дұрыс болатын сияқты. Себебі, Есенғалидың өмірі дүрбелең, соқпақ келген еді.

photo_63798Ол өксіген қарс айырып көкірегін:
«Үйренісіп өзіңе кетіп едім,
Маған қиын болады жалғыз қалу,
Қалшы осында,
қала ғой,
өтінемін».

Өмірі үшін,
о мейлі құмары үшін,
Ол қимады жанының жұбанышын:
«Маған қиын болады жалғыз қалу,
Ей, тас жүрек,
сен соны ұғамысың?».

Ал сен кетіп қалдың…
Құшағында жаз қалды қоңыр түннің,
Көз алдыңда көйлегі оның күлгін.
Сары шаш күз кездесті,
бұрын, тегі,
Күз көрмеген секілді сен ұмтылдың.

Жабығып жүр,
қажып жүр демесін деп,
Күлген болып,
сол баққа келесің көп.
Жаз кіреді түсіңе,
шошып тұрып,
Күздің суық ерінін өбесің кеп.

Сары күзге сенбейсің,
шүбәлісің.
Сыбырлайсың…
Қан жылап тұрады ішің:
«Маған қиын болады жалғыз қалу,
Ей, тас жүрек!
Сен соны ұғамысың?»

Адам тарыққанда жоқтан өзгеге иланады. Өтіріктің өзін шындай көріп, өзін-өзі алдарқатады. Бәлкім, өмір дегеннің өзі өтірікке сену шығар.
Ия, өмір сүру- өзіңнің ықтияр-еркіңмен қалап алған құлдық қамытын азат басыңа киіп, өзің ойлап тапқан өтірікке өмір бойы тәнті боп, табынып өту шығар.
Адамның өзін-өзі алдарқататын өтірігі жоғалған күні өмір де бітетін болар-ау…

                                                                                                                                  Есенғали Раушанов

Бақыт деген жаз секілді қысқа тым… Оның өмір бойы сеніп өтер өтірігі музасы, махаббаты еді.

Қыз кетті, басқа жігіт ұнады да

Күз еді, ит үреді тым арыда.

Ол күнде, сен де Есентай,

Менде Есентай,

Қосылып екі Есентай жыладық ә?

Ақын үшін ең ұлы өтірігінен айырылу өте ауыр нәрсе. Дүниеден безіп кеткің келеді. Менің ойымша, оның өмірі баяғыда-ақ біткен. Ол тек өзі құрып алған әлемде сүріп келеді. Күннің батысы мен атысы, мезгілдің ауысуы, жылдардың жылжуы оған әсер етпейді. Бұны өзі де сұхбаттарының бірінде мойындаған. Ол – күздің ақыны. Күзде ғана бір тіріліп, ең жақын достары – құстарды шығарып салып, қайта сөніп қалатын ақын. Өйткені, оның өмірі күз мезгілінде қалып қалған… Есенғали өкпелі.. Өміріне, тағдырына өкпелі. Ашынған адамға бір нәрсенің жағымды болуы өте қиын ғой. Көп адамдарға “сүйкімсіз’ болып көрінуі содан болар. Негізінде, ол керемет адам болған. Тек, ол ұтылып қалды. Өз-өзіне ұтылып қалды. Ал, бір ұтылсаң, қайта тұру өте қиынның-қиыны.

Медет Олжай, 

СДУ-дің 3-курс студенті 

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі