///

“Әркімге” мен де қарсымын

1095 рет қаралды

26-шы бапты қорғаштаған дүмше-генийлерге тəптіштеу керек шығар.
Жер учаскесі, үй, дача, вилла, зауыт, фабрика, кеніш, плантация, егістік, шабындық – жылжымайтын мүлік болып табылады. Жылжымайтын мүлік я жекеменшік, я мемлекеттік болуы мүмкін. Бүгінде жер мен жерасты байлығы мəселесі көбінде əртүрлі мерзімді аренда арқылы шешіліп отыр. Қазір жерге жекеменшік мəселесі бесжылдық мораториймен жылы жабылған. Уақытша.
Бүгінгі биліктің ойы жерді жекеменшік етуге қол жеткізу жəне оны кез-келген адамға жекеменшікке сатуға мүмкіндік жасау. Егер жер жекеменшік болса, онда шетелге кетсең де сенікі болып қала береді. Заңдастырылуы мен заңдылығы қамтамасыз етілсе жетіп жатыр. Оны сатып алуға, сатуға, мұра қып қалдыруға болады деген сөз. Оны елдің де, əлемнің соты да қорғап шыға алатын болады.
Барша əлем заңында солай. Біздің заңдарымыз да осы əлемдік үрдіске негізделген.
Бұрын жер мен жерасты байлықтарына қатысты шектеулер болатын. “Əркімдерге” қатысты. Қазір 26-шы бап өзгертілсе, бұл шектеулер жойылады.
Сондықтан да бұның бізге қатысы жоқ, жер қатынастарына еш кеселін тигізбейді, зияны жоқ дегенді айтпаңыздаршы!

Aidos Sarym фейсбук парақшасынан

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Желаяқтар қос қола иеленді

Бахрейннің Манамада қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарының жеңіл атлетика додасында 3000 метрге жүгіру сайысында

Азиаданың сегізінші алтыны

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында алтын медаль

Азиададан тағы екі алтын түсті

Бахрейннің Манамада қаласында жасөспірімдер арасындағы Азия ойындары қыза түсті. Бүгінгі жарыс күні де алтынмен басталды. Таеквондода

«Қайрат» ел чемпионы атанды

Футболдан ел чемпионатының соңғы турында “Астана” мен “Қайрат” Алматыда кездесті. Соңғы ойын нағыз чемпиондық матч болды.