/

Бейсен Құранбек атындағы облыстық Олимпиада өтеді

2106 рет қаралды
2020 жылдың 18 қарашада, сағат  10.00 «Жетісу дарыны» оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Zoom платформасында Қазақстандық телевизия саласында өзіндік орны бар майталман тележүргізуші, талантты тележурналист Бейсен Құранбектің шығармашылық қызметі аясында педагогтар мен оқушылар арасында Бейсен Құранбек атындағы облыстық Олимпиада өтеді.
     Олимпиада Бейсен Құранбектің журналистика саласындағы идеяларын жас ұрпақ санасына сіңіру, азаматтық ұстанымды қалыптастырудағы оның шығармашылық еңбектерін насихаттау мақсатында өтеді.
  Олимпиадаға Алматы облысының білім басқармасының басшылары, облыс Әкімдігінің бас инспекторы мен баспасөз қызметінің жетекшісі, «Қазақстан», «Жетісу» телеарналарының  журналистері арнайы шақырылып отыр.
    Қазылар алқасында «Жетісу» телеарнасының директоры, Қазақстан Республикасының президенті сыйлығының иегері Сарыбай Серік Әбікенұлы төрелік етеді.
   Олимпиада нәтижесінде жүлдегер атанған педагогтар мен оқушылар 9 желтоқсан Бейсен Құранбектің туған күніне орай ұйымдастырылатын Форум-фест іс-шарасында бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталатын болады.
Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі