Венгрияның Бугац деп аталатын ең көрікті жерлерінің бірінде (06.08.2010) «Тұранның Үлкен Құрылтайы» өтті. «Түріктердің этнофорумы неге Орталық Еуропада өтіп жатыр?» деген былайғы жұрттың біразы қисын таппай қиналуы мүмкін. Бұл сауалға жауап беру үшін өткенге көз жүгіртіп, тарихқа жүгінуге тура келеді. 1965 жылы сол кездегі Торғай облысына венгр антропологы Тибор Тот жергілікті қазақтар мен венгрлердің генетикалық байланысын зерттеуге келеді. Ол кезде мұндай зерттеу жүргізу мүмкін еместей көрінген болатын. Бірақ ғалымның қызығушылығын тудырған бір қызық дерек болды. Бұл екі халықтың жағрапиялық жағынан бір-бірінен алыс жатқанына және сыртқы пішіндері де екі түрлі екеніне қарамастан, дәл осы Торғай аймағында венгрлермен бір тектестер (фамилиялас)
тұратын боп шығады. Бұлардың бәрі қазақтағы ірі екі тайпа қыпшақтар мен арғындарға кіретін «мадияр» руынан екен. Сөйтіп күтпеген қонақтың ұлты осындағы рудың атауымен сәйкес келеді. Өйткені, венгрлер өздерін мадьяр, елін Хунгария деп атайды. Алайда, Кеңес өкіметі Қазақстанның тарихын Кремльсіз зерттеуді, жұмсартып айтқанда ұнатпайтын. Сол себепті де, ғылымға соншалықты сенім артуға да болмайтын. Венгр ғалымы фольклор жинақтап, антропологиялық салыстырмалар жасаумен ғана шектелді. Оған суретке түсіруге де тыйым салынды. Өйткені, Байқоңыр ғарыш айлағына жақын болғандықтан, бұл «жабық» аймақ деп есептелді. Дегенмен Тибор Тот өзінің тарихи отанын тапқанына сенімді болды. Ол Венгрияның антрополог, тарихшы, этнограф, археолог және лингвист ғалымдарын ертіп тағы келуге бекінген. Өкінішке қарай, оның бұл жоспары жүзеге аспады. Тибор
Тоттың бұл жаңалығын венгриялық «Мадьяр Немзет» басылымы тәптіштеп тұрып жазғанымен, ғылыми орта мен елдің социалистік бағыттағы басшылары оған селт етпеді. Ғалым ешкімге өзінің жаңалығын түсіндіре алмастан өліп кетті. Мұндайларды «заманынан озып туған» деп жатады. Тоттың ізімен тарихи отанына және тағы да сол жалғыз мақсатпен әйгілі түркітанушы Мандоки Қоңыр Иштван келеді. Бұл 1977 жыл болатын. Ғалым қазақ, қырғыз және татар тілдерін әбден меңгереді. Бұрынғы құмын тілін қайта тірілтуге күш салады. Осы ойдың жетегінде Түркімения, Қырғызстан, Өзбекстан, Поволжье, Моңғолия, Қап тауы елдерін түгел аралап шығады. Осы елдердің мәдениетін, түркі халықтарының тарихын және ең бастысы олардың венгрлерге қандай да бір жақындығын зерттейді. Мандоки Қоңыр Иштванның әсіресе біздің елмен байланысы ерекше. Оның Құдай қосқан қосағы қазақтың қызы, кейін өзі дүниеден озғанда осы қазақ даласына жерленді. 1992 жылы тамыздың соңына қарай Махачкалада жүрек талмасынан қайтыс болды. Бірақ өзінің сүйегін Қазақстанда жерлеуді өсиет етіп кеткен екен. 3-ші қыркүйек күні ғалымның денесі Алматыдағы Кеңсай қорымына жерленді.
2003 жылдың күзінде тағы бір венгр зерттеушісі Бенко Михайдың «Торғай мадьярлары» деп аталатын монографиялық еңбегі
жарық көрді. Фотосуреттерге бай жаңа кітапта Торғай табиғаты мен жергілікті халықтың тұрмыс-тіршілігі суреттеліпті. Автор фольклорлық және лингвистикалық деректерді сараптай отырып, қазақтар мен венгрлердің туыстығына еш шүбә келтірмепті. Мемлекеттің Хунгария аталуының өзі «Ғұн» деген сөзден алынған деген тұжырымға келеді автор. Бенко Михайдың пікірінше, мұның өзі осындағы халықтың дала көшпенділерімен туыстығы болған. Оның үстіне, венгрлерде ежелден келе жатқан Мадияр және Ходияр деген ағайынды жігіттер туралы аңыз бар. Екеуі аңға шығып, тұра қашқан маралды қуып береді. Ходияр біраздан кейін шаршап, үйіне қайтып келіпті. Ал Мадияр маралды қуалаған күйі батысқа қарай ұзап кете беріпті. Өздерін сол марал қуып кеткен Мадиярдың тұқымымыз деп есептейтін Торғай қазақтарының арасында да дәл осыған ұқсас аңыз бар. Бірақ олар өздерін үйіне қайтып келген Ходиярдан тарадық деп есептемейді. Алайда, аңыздың аты аңыз, оны айғақтайтын е
Мадиярлар мен Мажарлар
Соңғы жазбалар
Қазақстанға ковид пандемиясы келгенде сүйінші сұраған бас санитар Жандарбек Бекшин мырза айтқандай, «наконец-то!» Наконец-то, Ұлыбританияға жаз
Алматының Орталық стадионында матч басталмастан бұрын ерекше атмосфера сезіледі. Сары-жасыл түске боялған трибуналарға көрермен біртіндеп жайғасып
Қазақстанның Конституциялық соты жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін президент пен бірқатар жоғары лауазымды тұлғаның өкілеттік мерзімін
Фото: istockphoto.com Tengri Auto басылымының Ranking.kz сайтына сілтеме жасап хабарлауынша, Қазақстанда жеңіл автокөлігі бар отбасылардың үлесі
Фото: istockphoto.com TengriHealth хабарлағандай, Қазақстанда пластикалық оталар мен эстетикалық процедуралардан кейінгі асқыну жағдайлары жиі талқылана бастады.
Фото: istockphoto.com Tengri Education хабарлағандай, жаңа оқу жылынан бастап Қазақстан мектептерінде бірнеше жаңа міндетті оқу пәндері
Фото: istockphoto.com ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Қазақстанда мемлекеттік тілдегі әдебиетке деген қызығушылық
Фото: istockphoto.com Қытай ғалымдары брокколи құрамындағы заттың лейцин аминқышқылымен үйлесімі жас ұлғая келе бұлшықет массасының жоғалуын
Фото: aqorda_resmi Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Астана күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Президент өз құттықтауында
Фото: жасанды интеллект арқылы жасалған Футбол тарихында кездейсоқтық көп. Бірақ кейбір сәйкестіктердің дәлдігі соншалық, оны тағдырдың