///

Аида Балаева, Мәдениет және Ақпарат министрі: Материалдың ескіру мерзімін бір жылға дейін қысқарту көзделуде

1429 рет қаралды
фото: inform.kz

Мәдениет және Ақпарат министрі Аида Балаева  “Масс-медиа туралы” заң жобасында екі жылдан бері талқыланып жатқан маңызды баптардың бірі жазылған дүниенің мерзімінің үш жылға дейін жарамды болуына қатысты өз пікірін білдірді. 

Ол журналистердің және медиа қауымдастық өкілдерінің бұл мерзімді бір жылға дейін қысқарту туралы пікірлерін қолдайтындығын жеткізді. Бұл туралы ол 6 қазанда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтқан.

“Біз мемлекеттік органдармен кешенді жұмыс жүргізіп, заң жобасынан материалдың ескіру мерзімін бір жылға дейін азайтуға қатысты сәтті келіссөздер жүргіздік. Мен журналистерді қолдаймын және материалдың ескіру мерзімін бір жылға дейін қысқартуды ұсынамын.

Алайда министр журналистік қауымдастық қарсылық танытып отырған пресс-картаны қолдайтынын білдірген.

“Пресс-картаны енгізуге қатысты – бұл механизмді біз қазіргі аккредитацияның баламасы ретінде енгізбекпіз. Бұл бірінші кезекте журналистер мен мемлекеттік органдардың өзара қарым-қатынасын жеңілдету үшін жасалмақ. Біз ақпараттық технологиялар ғасырында өмір сүреміз, оны журналистердің игілігіне қолдану қисынды болар еді”, – дейді министр.

Ал 6 қазанда Парламент Мәжілісінде өткен талқылауда депутаттардың біразы пресс картаға қарсы екендігін мәлімдеген еді.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Махаббат, тізгін және Отан

Нұртай Нұрсапаұлы алдыңғы күні 60-қа толған. Кіндік қаны Алтайдың сонау өрінде, Ертіс бойында тамғанымен, ес біліп,