Фото: wikipedia.org
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2025 жылғы Құрбан айт мерекесінің 6 маусым, жұма күні басталатынын хабарлады. Айт намазы еліміздің барлық өңірінде 6 маусым таңертең оқылады. Аймақтар бойынша нақты уақыт төменде көрсетілген.
Мерекеге орай демалыс күндері:
Діни басқарманың мәліметінше, 2025 жылы жаңа ай (һиләл) 27 мамырда көрінген. Соның негізінде зул-хижжа айы 28 мамырда басталды. Осыған байланысты:
– Арапа күні – 5 маусым (бейсенбі);
– Құрбан айт мерекесі – 6 маусымнан басталып, 7 және 8 маусымға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес, Құрбан айттың бірінші күні – 6 маусым (жұма) – барлық еңбек режиміне қарамастан ресми демалыс күні.
Демалыс күндерінің тәртібі:
. 5 күндік жұмыс аптасы бойынша: 6, 7, 8 маусым – қатарынан үш күн демалыс.
. 6 күндік жұмыс аптасы бойынша: 6 және 8 маусым – демалыс, 7 маусым – жұмыс күні.
Қамари күнтізбе бойынша есептеу тәртібі
Ислам дініндегі діни мерекелер мен қасиетті күндер қамари ай есебі негізінде айқындалады. Бұл жыл санау тәсілі Айдың фазаларына байланысты есептеледі. Жаңа ай (һиләл) көрінген сәттен бастап жаңа ай басталады. Қамари ай кейде 29, кейде 30 күнге созылады.
Зул-хижжа айының басталуын анықтау үшін, алдыңғы ай – зул-қағда айының 29-күні күн батқаннан кейін жаңа ай бақыланады. Егер ауа райы қолайлы болып, жаңа ай көрінсе, келесі күн зул-хижжа айының бірінші күні болып есептеледі. Ал ай көрінбесе, зул-қағда 30 күнге толығып, содан кейін ғана зул-хижжа басталады.
Құрбан айттың мәні
Құрбан айт – исламдағы екі ұлық мейрамның бірі. Бұл күндері мұсылмандар қажылық парызын өтейтін Арафат тауында жиналып, құрбандық шалып, дұға-тілек етеді. Қазақстанда бұл мейрам бірлік пен мейірімнің, мұқтажға көмек көрсетудің, рухани жаңарудың символына айналған.
Жадыра Әділбекқызы
Парақшамызға жазылыңыз