/

Ақтөбеге келген польшалық «Легия» ойынға тас түйін дайын

175 рет қаралды

Фото: ukr.net

Матч алдындағы жорналшыларға арналған баспасөз мәслихатына «Легиягың» бас бапкері Эдуард Йорданеску мен Каспер Тобьяж қатысты.

Команда Ақтөбеге ұзақ жол жүріп келгенін айтқан польшалық бапкер Легияның ойын кестесі тығыз болғанына қарамастан қажетті нәтижеге қол жеткізуге тырысатынын айтты.

-Ұзақ жол жүріп келдік. Десе де барынша тынығып, ойынға құрған жоспарымызды сәтті жүзеге асыруға тырысамыз. Ақтөбе жанкүйерлері мықты екенін білемін. Бірақ біздің мақсат елімізге жақсы көңіл-күймен қайту, – деді Эдуард Йорданеску.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар