/

Вячеслав Левчук: «Ойымыздағыны сәтті жүзеге асырып, қажетті нәтижеге қол жеткіземіз»

207 рет қаралды

Фото: kazfootball.kz

Араға 11 жыл салып, польшалық “Легия” Ақтөбеге оралды.

УЕФА Еуропа лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы матчтың алғашқы кездесуінде варшавалық клуб 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Екінші кезең тағдыры Қобланды батыр атындағы стадионда шешіледі.

Ойын алдында “Ақтөбе” ФК-ның бас бапкері Вячеслав Левчук пен футболшы Неманья Анджелкович арнайы баспасөз мәслихатын өткізді.
– Варшавада өткен ойында сәттілік жолдас болмады. Қарсылас та оңай шағылар жаңғақ емес. Десе де біз ойынға толықтай дайынбыз. Ойымыздағыны сәтті жүзеге асырып, қажетті нәтижеге қол жеткіземіз, – деді “Ақтөбе” ФК-ның бас бапкері Вячеслав Левчук.
Баспасөз мәслихатына қатысқан Неманья Анджелкович ойыншылар матчқа толықтай дайын екенін жеткізді.
– Осы ойынды бір апта күттік. Жеңіске жету жолында аянып қалмаймыз, – деді Неманья Анджелкович.
Айта кетейік өткен аптада Польшада өткен маьчта “Легия” жеңіске жеткен болатын. Ал биылға дейін қос команда екі рет кездесті. Өкінішке орай осы кезге дейінгі барлық кездесуде польшалық команда жеңіске жетті.

Түгелбай Бисен,

Орал – Ақтөбе

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар