Фото: сайт архивінен
Бүгін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы қызметі журналистерге арналған “Климат: Кері санақ” байқауының нәтижелерін жариялады. Айта кетейік, БҰҰ ДБ қызметі байқауды биыл шілде айында Қазақстан журналистері мен блогерлеріне арнап жариялаған еді. Байқауға климат пен биоалуантүрлілік тақырыптарын көтеріп, қоғамды ойлануға, әрекет етуге шабыттандырып жүрген журналистер мен блогерлер шақырылды.
Minber.kz редакциясының тілшісі Динара Насыр байқауға Батыс Қазақстан облысы Орал қаласындағы Қайрат Каримов негізін қалаған және жетекшілік ететін Сергей Исаев атындағы халықаралық-эксперименталды коллекциялық тәлімбақтың 2024 жылғы су тасқынынан кейінгі жағдайы туралы “Климаттың өзгеруі: Республикалық маңызы бар алма бағы су тасқынынан қалай зардап шекті?” атты мақаласын жолдаған еді.
Бүгін Қазақстандағы БҰҰ Даму бағдарламасы қызметінен қуанышты хабар алдық. Тілшіміз Динара Насыр журналистерге арналған “Климат: Кері санақ” байқауында ІІІ-орынды иеленген.
Климаттың өзгеруі: Республикалық маңызы бар алма бағы су тасқынынан қалай зардап шекті?” мақаласын Minber.kz редакциясының тілшілері Динара Насыр мен Альфия Шамаева бірлескен авторлықта жазған.
Редакция тарабынан Сергей Исаев атындағы халықаралық-эксперименталды коллекциялық тәлімбақтың негізін қалаушы Қайрат Каримовке, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Мейрамгүл Мусинаға және БҚО-дағы экология департаменті басшысының орынбасары Сырым Тілегеновке материалды дайындау барысында берген сарапшылық пікірі, ашықтығы және серіктестік үшін алғыс білдіргіміз келеді.
Парақшамызға жазылыңыз