/

Асанәлі Әшімов мәңгілік мекенге аттанды

53 рет қаралды

Фото: t.me/madenietaqparat

Қазақстанның Халық әртісі, қазақ және әлемдік театр мен кино өнерінің көрнекті өкілі Асанәлі Әшімұлы Әшімов өмірден озды.

Мәдениет және ақпараи министрлігі көңіл айту жазып, хабарлады.

Асанәлі Әшімұлы 1937 жылы 8 мамыр Сарысу ауданы Жамбыл облысында дүниеге келген.

Кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор.

Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980).

Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973),

КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974).

Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті, Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі қызметін атқарды.

Қазақстанның Еңбек Ері (2017).

Асанәлі Әшімұлы ұлттық руханияттың дамуына өлшеусіз үлес қосқан, қазақ театр және кино өнерінің биік кәсіби мектебін қалыптастырған дара тұлға.

Оның сахна мен экранда жасаған көркем бейнелері, режиссерлік және педагогикалық қызметі отандық өнер тарихында айрықша орын алады.

Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болғай.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар