//

XIV қысқы паралимпиада ойындарына баратын Қазақстан құрамасы анықталды

62 рет қаралды

Фото: t.me/Turizm_jane_sport_ministrligi

XIV қысқы Паралимпиада ойындары биыл наурыздың 6–сы мен 15-сі аралығында Италияның Милан және Кортина д Ампеццо қалаларында өтеді. Дүбірлі додада әлемнің түкпір-түкпірінен 600-ден астам спортшы қатысады. Олар 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ойындар бағдарламасына пара сноуборд, пара хоккей, тау шаңғы спорты, арбадағы керлинг, пара биатлон және пара шаңғы жарысы енген.

Қазақстан ұлттық құрамасы пара шаңғы жарысы мен пара биатлоннан сынға түседі. Ел намысын қорғайтын спортшылар тізіміне Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин, Анна Грачёва, Нұрлан Әлімұлы және Денис Кобаль енді.

Қазіргі уақытта қазақстандық спортшылар Швейцарияның Санкт Мориц қаласында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп жатыр.

XIV қысқы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты 6 наурыз күні Aрена dи Верона аренасында өтеді.

Түгелбай Бисен

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар