Фото авторы: Мейіржан Амангелдиев
Италияда өтіп жатқан қысқы Паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан 1500 метрлік классикалық спринт бәсекесінде қола жүлдеге қол жеткізді. Ол мәреге 2 минут 29 секундта жетіп, жүлделі үшінші орынға ие болды.
Аталған сайыста алтын жүлдені қытайлық спортшы Лю Цзысюй иеленіп, 2:28.9 нәтижесін көрсетті. Ал екінші орын бразилиялық Кристиан Вестемайер Рибераға бұйырды. Оның көрсеткіші – 2:29.9.
Бұл дисциплинаның іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы сапында Юрий Березин, Анна Грачова, Нурлан Алимов және Владислав Кобаль өнер көрсетті. Алайда олар іріктеу кезеңінен аса алмады.
Ертең ұлттық құраманың спортшылары пара шаңғы жарысынан 10 шақырымдық интервалды бәсекеде сынға түседі. Қазақстандық жанкүйерлер отандық спортшылардың бұл жарыста да табысты өнер көрсетуінен үмітті.
Түгелбай Бисен
Парақшамызға жазылыңыз
