//

ҚТЖ жазда Бурабай бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдамақ

65 рет қаралды

Фото: rail-news.kz

Жазғы демалыс маусымында ұлттық тасымалдаушы еліміздің ең көрікті өңірлерінің бірі — Бурабай курорты бағыты бойынша 144 мыңнан астам жолаушыны тасымалдауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Rail-news.kz.

Ішкі туризмнің бас орнына айналған бұл аймаққа демалушылардың еш қиындықсыз жетуі үшін Бурабай курорты станциясында түрлі санаттағы 10 жолаушылар пойызы аялдайды. Атап айтқанда, Атырау, Алматы, Павлодар, Көкшетау және Петропавл сияқты отандық қалалардан бөлек, Мәскеу, Қазан және Омбы сияқты халықаралық бағыттардағы пойыздар осы станция арқылы қатынайды. Олардың арасында жолаушыларға танымал «Talgo» пойыздары, аптасына бес рет қатынайтын арнайы «Нұрлы жол – Бурабай курорты» рейсі және күнделікті жүретін қала маңындағы электропойыздар бар.

Сапарды алдын ала жоспарлайтын жолаушылар үшін билеттер сатылымы алыс қашықтыққа қатынайтын пойыздарға 45 тәулік бұрын, ал қала маңындағы пойыздарға 10 тәулік бұрын ашылады және пойыз жөнелтілуге 10 минут қалғанда тоқтатылады. Жол жүру құжаттарын ресми bilet.railways.kz сайтынан, «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның билет кассаларынан немесе кез келген мобильді сервистер арқылы онлайн сатып алуға болады.

Пойыздар кестесі мен қосымша ақпараттарды нақтылау үшін жолаушылар 1433 тегін нөміріне қоңырау шала алады немесе тасымалдаушының Instagram-дағы @jolaushylar_tasymaly ресми парақшасынан біле алады.

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар