Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұйрығымен ҚР Қорғаныс Министрі Дәурен Қосанов орнынан алынды. Бірақ Каспий теңізіндегі әскери оқу жаттығу кезінде бірден он төрт сарбаздың қаза болуы Қазақстан Қарулы күштеріндегі дағдарыстың тамыры тереңде жатқанынан хабар берсе керек.
Өркениетті елдерде белгілі бір салаға жауапты лауазымды тұлғалар қандай бір оқиға орын алса, сол мезетте жауапкершілікті өз мойнына алып, жұмысынан кетеді. Мемлекет басшысының жарлығын күтіп отырмайды. Мемлекет басшысының бұйрығымен емес, өз қалауымен отставкаға кетуге тиіс еді.
Бұл оқиға Қазақстандағы Қорғаныс мәселелерінің терең дағдарысын ғана көрсетіп қоймады, сонымен қатар биліктің өз халқына әлі де жоғарыдан үн қатып, әлі де көзге ілмейтінін танытты. Қорғаныс министрі қан жұтып, қара жамылған отбасыларға екі күннен кейін келіп, кешірім сұрады. Оқиға болған күні басқа шаруаның бәрін ырысып қойып, кешірім сұрауға не кедергі?
Ал бұл апаттан тірі қалған өзге сарбаздардың айтуынша, құтқарушылар оқиға орнына уақытылы бармаған. Барлығы өздерін өздері құтқарған. Әлеуметтік желіде тараған ақпараттарға қарасақ, әскери қызметші Темірәлі Ақжол қасындағы досын іздеп отыз минуттай сол маңайды шарлаған.
Бұдан шығатын қорытынды, оқу-жаттығу кезінде құтқарушылар неге сақадай сай тұрмаған? Бұл жай бір сапар емес қой, ешкім білмей қалған. Салаға жауапты адамдар неге болуы мүмкін тәуекелдерді ескермеген?
ЕКІ КҮНДЕ ТОҒЫЗ ҚАТЕЛІК ЖІБЕРІЛДІ, ӘРІ ОЛ ҚАТЕЛІКТІ ТҮЗЕТУГЕ ҚАДАМ ЖАСАЛМАДЫ
Қазақстанның “Жастар ақпараттық қызметі” қоғамдық ұйымының жетекшісі Ирина Медникова мемлекеттік коммуникацияның осы оқиға қарсаңындағы тоғыз қателігін атайды:
Біріншіден, ауа райының қолайсыздығы туралы ескерту болғанына қарамастан, оқу-жаттығу жасауға жібереді.
Екіншіден, cудың қаншалықты терең екенін ескермей, құтқару жилеттерін кигізбей, формаларымен суға салды.
Үшіншіден, он төрт адам ажал құшты, ал аман қалған үш адамды ешкім құтқарғани жоқ. Өздерін өздері құтқарды. Ал ақпарат құралдары, “үш адамды құтқарып қалды” деген ақпарат таратты.
Төртіншіден, сарбаздардың қазасын қақпаның сыртында, жоғары шенді әскерилерді, медицина қызметкерлерін және психологтарды қатыстырмай, жай естірте салды.
Жетіншіден, қадағалау органдары заңның сақталуын қадағалауды тоқтатты.
Сегізіншіден, соттар әділеттілікті қамтамасыз етуді тоқтатты, алайда үкім шығаруды жалғастыруда. Соттар заңды өздері бұзады; заң жұмыс істемейді, тек «фильтрлер» ғана қалды.
Тоғызыншыдан, түрме саясатын бақылау жеткілікті емес: қамау орындарында қамаудағыларды ұстауға орын жетіспейді.
Оныншыдан, әйелдер арасындағы қылмыс өсіп келеді. Неліктен?
Он біріншіден, балаларға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық өсіп келеді және бұл істер тергелмей қалады.
Он екінші, бізге бюджет қаражатының қалай бөлінетінін білу құқығымыз берілмейді.
13. Жоғары лауазымды шенеуніктердің сыбайлас жемқорлығын тергеу тоқтады – тек төменгі деңгейдегілер ғана қудаланады.
14. Бұрынғы президент пен оның отбасы мүшелері жымқырған қаражат қашан қайтарылады?
15. Өздерін «Жаңа Қазақстан» деп атайтындар кімдер — олар жай ғана ескі Қазақстандан шыққан, өздеріне осы атауды берген адамдар ма? Шын мәнінде біз дәл сол жерде қалдық.
16. Шын мәнінде оны жасаған немесе оның құрамында жүрген адамдардың көмегімен жүйені реформалау мүмкін бе?
ҚАЗАҚ САЛТЫНАН ЖҰРДАЙ, ҰЛТТЫҢ ЖАНЫН ТҮСІНБЕЙТІН ШЕНЕУНІКТЕР
СОҢҒЫ ЖИЫРМА ЖЫЛДА ОҚУ-ЖАТТЫҒУ АЛАҢЫНДА 12 РЕТ АПАТ БОЛҒАН
- 2004 жылдың 14 қыркүйегі – Ақтөбе облысында Як-18 апатқа ұшырап, 2 адам қаза тапты
Ақтөбе облысы Мартөк ауданы Хлебодаровка оқу-жаттығу полигонында Як-18 ұшағы апатқа ұшыраған. Салдарынан нұсқаушы пилот пен Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштері Әскери институтының курсанты қаза болды.
- 2007 жылдың 16 ақпаны – Қарағанды маңында МиГ-31 апатқа ұшырап, екі адам көз жұмды.
Оқу-жаттығу кезінде Сары-Арқа әуежайынан бес шақырым қашықтықта Әуе күштері қорғанысына тиесілі МиГ-31 апатқа ұшырады. Экипаж мүшелеоі – капитан Денис Федотов пен майор Андрей Леонтьев қаза тапты.
- 2008 жылдың 12 ақпаны – МиГ-29УБ, Жетіген апатқа ұшырап, бір адам қаза болды
Алматы облысындағы Жетіген әуеайлағында МиГ-29УБ оқу-жаттығу және ұрыс ұшағы апатқа ұшырады. Екі ұшқыш парашютпен секірді, алайда майор Александр Ковязин қаза тауып, подполковник Виталий Ділмұхамедов жарақат алды. Кейінгі тергеу апатқа ұшақтың электр жүйесіндегі ақау себеп болды деп анықтады.
- 2009 жылдың 20 наурызы, Арыс қаласындағы оқ-дәріні жою кезінде жарылыстарда 4 адам қаза тапты
Оқ-дәріні жоюмен айналысатын «KazArsenal» компаниясының аумағында өрт шығып, бірнеше жарылыс болды. Салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы 17 адам жарақат алды. Тергеу барысы қауіпсіздік ережелерінің бұзылғанын анықтады. Бұл оқиға әскери оқ-дәрілерді жою жүйесіне қатысты болғанымен, зардап шеккендер нысан қызметкерлері болды. Сол себепті де, олардың ешқайсысы әскери қызметкер деп саналмады.
- 2012 жылдың 22 тамызы, – Астана маңында Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 әскери қызметкер қаза тапты
Астана әуежайы маңында жаттығу ұшуы кезінде Қорғаныс министрлігінің Ми-17 тікұшағы апатқа ұшырады. Төрт адамнан тұратын экипаж мүшелерінің бәрі қаза тапты.
- 2013 жылдың 27 тамызы, Отардағы оқ-дәріні жою кезінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты
Жамбыл облысындағы Отар станциясы маңындағы «Қазвзрывпром» АҚ оқ-дәріні жою алаңында қозғалтқыш зарядтарында өрт шығып, жарылыс болды. Жеті адам ауыр термиялық күйік алып, олардың төртеуі қаза тапты. Сол кездегі дереккөздерде «Қазвзрывпром» Қорғаныс министрлігінің еншілес компаниясы ретінде сипатталған; зардап шеккендер әскери қызметшілер емес, компания қызметкерлері болды. Кейін компания қызметкерлері осы іс бойынша кінәлі деп танылды.
- 2014 жылғы 23 қыркүйегі, Талдықорған маңында Су-27 ұшағы апатқа ұшырап, 2 әскери қызметкер қаза тапты
Су-27 ұшағымен байланыс жаттығу кезінде үзілді. Ұшақ Алматы облысының Көксу ауданында құлады. Лейтенант-полковник Ерлан Науанов пен лейтенант-полковник Денис Горбунов қаза тапты.
- 2015 жылғы 18 қыркүйегі Ақтау қаласында «Орталық-2015» оқу-жаттығулары кезінде Каспий теңізінде болған трагедияда 4 әскери қызметкер қаза тапты
Каспий теңізінде теңізге десант түсіруді модельдейтін оқу-жаттығу кезінде 52 әскери қызметкерді таситын алты БТР-80 бронды адам тасығыш жолға шықты. Алайда қатты толқындар салдарынан төрт бронды адам тасығыш батып кетті. Төрт әжауынгер қаза тапты.
- 2017 жылдың 17 ақпаны, Жамбыл облысындағы Көксай шатқалындағы қар көшкіні салдарынан 7 әскери қызметкер қаза тапты
Жуалы ауданында 91678 әскери бөлімнің қызметкерлеріне арналған жоспарлы ұрыс дайындығы кезінде қар көшкіні болды. Таулы мылтық полкінің жиырма үш сарбазы қар көшкінінің астында қалды. Жетеуі қаза тапты; қалғандары құтқарылды. Бұл қазіргі трагедияға дейінгі соғыстық дайындық кезінде тікелей орын алған ең ауыр оқиғалардың бірі еді.
- 2019 жылдың 27 наурызы Қызылорда облысында Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 13 әскери қызметкер қаза тапты
Қорғаныс министрлігінің Ми-8 әскери тікұшағы апатқа ұшырады. Тікұшақта 13 адам болған – барлығы қаза тапты. Өлім-жітім саны жағынан бұл тәуелсіз Қазақстан Қарулы күштерінің тарихындағы ең ірі апаттардың бірі болды.
- 2019 жылдың 24 маусымы, Арыс қаласындағы оқ-дәрі қоймасында жарылыстардан 4 адам қаза тауып, жүздеген адам жараланды
44856 әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймаларында өрт шығып, оқ-дәрі қоймасы жарылып, қала халқы эвакуацияланды.
- 2021 жылдың 26 тамызы, Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, бірнеше жарылыс болды. 17 адам қаза тапты, оның ішінде Қорғаныс министрлігінің 6 қызметкері болды
28349 әскери бөлімнің инженерлік оқ-дәрі қоймасында өрт шығып, кейін бірнеше қуатты жарылыстар болды. Жалпы қаза тапқандар саны бойынша бұл тәуелсіздік алғаннан бері Қорғаныс министрлігінің нысанында болған ең ірі апаттардың бірі.
Кейбір деректер соңғы үш жылда әскерде 270 сарбаздың мерт болғанын айтады. Бұдан кейін ата-аналар балаларын әскерге жіберуге жүрексінетіні, әскерге деген сенімнің азаюы заңды құбылыс. Демек, бұл салаға түбегейлі реформа қажет.
Парақшамызға жазылыңыз
