Белгілі журналист, медиа тренер, медиа зерттеуші ғалым, медиа сарапшы Есенгүл Кәпқызының “Медиа мәтінді талдау әдістері” монографиясы бүгінде ғылыми қауымдастық пен журналистер арасында қызу талқыға түсіп жатыр.
Біріншіден, қазақ тілінде дәл осындай кітап жазылмаған. Медиа зерттеулері жасалып жатса да, жүздеген докторлық диссертация қорғалып жатса да, зерттеу жасауды қадам-қадаммен түсіндіріп беретін ғылыми еңбек жоқтың қасы. Соның салдарынан, жасалып жатқан еңбектердің сапасы төмен немесе жүйесіз.
Өйткені зерттеушілердің басшылыққа алатын темірқазығы болмады.
Екіншіден, кітап қазақ тілінде тұңғыш рет философиялық бағыттарға назар аударып, зерттеуді жүргізу үшін бұл философиялық бағыттардың неге маңызды екенін түсіндіреді. Философиялық бағыттарға тереңдей енбей, зерттеуші зерттеу құндылығын зерделей алмайды.
Үшіншіден, кітап тек зерттеу амалдарына ғана тоқталып қоймайды. Сонымен қатар, медиа зерттеулеріндегі маңызды әдістердің бірі контент анализді түсіндіру мен оның жасалу жолдарына тоқталады.
“Шалқар” радиосының журналисі Нұржамал Янгибаеваның кітап авторымен жүргізген әңгімені назарларыңызға ұсынамыз.
Парақшамызға жазылыңыз
