//

Алматы мектебіндегі Россотрудничество дәрісі қоғамды дүрліктірді

132 рет қаралды
Алматы мектебіндегі Россотрудничество дәрісі қоғамды дүрліктірді
фото: Gemini AI

Алматыдағы № 32 мектепте Ресейдің Россотрудничество агенттігі өкілінің қатысуымен өткен шара әлеуметтік желіде дау тудырды. Желі қолданушылар балаларға шетелдік агенттіктің тарих туралы дәріс оқуын сынады, қалалық білім басқармасы шара заңға сай өткенін жариялады.

Даудың басы Threads желісінде тараған бейнежазбадан басталды. Жазбада Россотрудничество өкілі оқушыларға Ұлы Отан соғысы, тарихи жады және екі елдің ортақ тарихы туралы айтып, оларды «Тарихи марафонға» қатысуға шақырады. Желі қолданушылардың айтуынша, дәріс КСРО туы мен Георгий лентасы аясында өткен.

Желідегі пікірлер екіге бөлінді. Біреулер мұны соғыс туралы естеліктерді жаңғырту  деп бағаласа, енді біреулері «ортақ тарих» мәселесі қозғалғанда ашаршылық, репрессия мен 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы неге айтылмайды деп сұрады.

Білім басқармасы: Барлық шара Қазақстан заңнамасына сай өтеді

Алматы қаласының білім басқармасы Qumash сайтының жолдаған сауалына берген жауабында, шара 19 қазанда мектеп мұражайында өткен және Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушыларды есте сақтауға арналған. Оған ардагерлер ұйымдары, ғылыми қауымдастық өкілдері мен Ресейдің Бас консулдығы қатысқан, оқушылар соғысқа қатысқан ата-бабалары туралы айтқан.

Басқарма білім беру ұйымдарындағы барлық іс-шара Қазақстан заңнамасына және қазақстандық патриотизм қағидаттарына сай болуы тиіс екенін атап өтті. Дегенмен спикердің тарихты түсіндіру тәсіліне баға берілмеді. Қазірге дейін тексеру немесе шара қолданылғаны туралы ақпарат жоқ.

Дмитрий Мостовой: Бұндай дәрістер жастарды жолынан жаңылдырады

Журналист әрі спорт комментаторы Дмитрий Мостовой Threads-тегі жазбасында оны дәрістің мазмұны емес, Россотрудничество өкілдерінің қазақ мектебінде еркін өзін еркін ұстауы ашуландырғанын жазды. Оның пікірінше, осындай шаралар кейбір жастардың насихатқа еріп кетуіне себеп болады.

Россотрудничество – 2008 жылы құрылған, Ресей Сыртқы істер министрлігінің қарамағындағы федералды агенттік. Ол шетелде Ресейдің гуманитарлық және мәдени ықпалын таратумен айналысады.

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар