//

“Қазақтар құдайын ұмытты”: Павлодар облысында ҰҚК сепаратистік сипаттағы видео таратқан әйелді ұстады

131 рет қаралды
“Қазақтар құдайын ұмытты”:  Павлодар облысында ҰҚК сепаратистік сипаттағы видео таратқан әйелді ұстады
Видеодан алынған кадр

Павлодарда әлеуметтік желіде сепаратистік сипаттағы видео жариялады деген күдікпен жергілікті тұрғын  ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі Tengrinews.kz сайтының ресми сұрауына берген жауабында хабарлаған.

Бұған дейін желіде тараған видеода әйел қазақ халқына қатысты балағат сөздер айтып, Қазақстанның аумақтық тұтастығына күмән келтіреді.

ҰҚК мәліметінше, прокуратура ол әйелді 28 қазанда  ұстаған. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство күдіктінің бұрын есірткі өткізгені үшін сотталғанын да айтты. Өзге мәліметтер Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жария етілмеді.

Қазақстанда сепаратистік әрекеттер үшін қылмыс құрамына қарай 1 000-нан 5 000 АЕК-ке дейін (2026 жылы 4,3–21,6 млн теңге) айыппұл салынады не жеті жылға дейін бас бостандығы шектеледі немесе айырылады. Қылмыс онлайн-платформалар, БАҚ арқылы немесе ауырлататын мән-жайлармен жасалса, жаза бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айыруға дейін ауырлайды. Елдің аумақтық тұтастығын бұзуға бағытталған әрекеттер үшін азаматтығынан айыра отырып немесе айырмай, он жылдан он бес жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Парақшамызға жазылыңыз
Редакция участвует в сети «Все СМИ».

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар