«Қытайға жер жалға берілмейді»

3946 рет қаралды

Былтырғы жылдың соңына қарай «Central Asia Monitor» газетінің интернет-сайтында Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниевтің “Шумиха вокруг продажи земли китайцам кому-то на руку” атты сұхбаты жарияланды. Сұхбатты жүргізген Юлия Кисткина.
Сұхбатта Ауылшаруашылығы вице-министрі Арман Евниев 1 миллион гектар жердің Қытай шаруаларына жалға берілмейтіндігін айта отырып, екі ел арасында бірлескен кәсіпорын құрылатындығын жеткізеді. Вице-министр «инвестициялық жоба» деп атаған келісім-шарттың сұлбасы енді ғана дайындала бастапты. Әзірге нақты қандай қадамдар жасалатыны анық емес. А.Евниев маңызды мәселе ретінде кәсіпорынның бақылау пакетінің Қазақстан жағында болуын атайды. «Ал, жердің қандай бір Қытай компаниясына сатылуы жайында әңгіме мүлдем айтылып отырған жоқ. Біріншіден, бұл біздің заңымызға томпақ, екіншіден, бізде мұндай көлемде бос жатқан жер де жоқ.Әңгіме – ұзақ мерзімді инвестициялық жоба жайында болып отыр. Қазір бізде егістік жерге қағаз жүзінде ие болып отырғандар жеткілікті. Бұл жерлер иесіз жатыр. Себебі көп: біреуінде арық бітеліп қалған, екіншісінде су жоқ, үшіншісінде каналдар істен шыққан дегендей. Оларды іске қосуға болар еді. Бірақ, ауылшаруашылығына айналымға енгізу үшін қанша қаржы талап етілетіндігін елестете де алмайсыз. Бұны мемлекет шеше алмайды. Тығырықтан шығудың жолы – Қытай серіктестері арқылы инвестициялық жоба жасау болып отыр.
Қытай жыл сайын 40 миллион тонна сояны импорттайды. 2015 жылы бұл 50 миллион тоннаға дейін жетуі мүмкін. Бұл үшін Қытай кәсіпорындарымен келісім-шартқа отырамыз. Бұл жерде жерді сату мәселесі немесе Қытай фирмаларына жерді жалға беру мәселесі сөз болып отырған жоқ. Әрине, оларды айналымға енгізу үшін ірі көлемде несие қажет, бұл жағдайда жер үлесінің кепілге қойылуын жоққа шығармаймыз. Бірақ, бұл бар болғаны Қазақстан азаматтарының арасындағы құқықтық мәселе ғана. Қытай тарапының бұл жерге еш қатысы жоқ» дейді ол Қазақстан қоғамын 876шулатқан мәселе жайында түсінік бере отырып.
Вице-премьер Қазақстанның ауылшаруашылығының және фермерлердің Қытай инвестициясына аса мұқтаж болып отырғандығын айтады. Ауылшаруашылығы өнімдерін сату мәселесі де проблема болып отыр екен. Ол, сонымен қатар, қазақ даласына қытай шаруаларының ағылатыны туралы ақпаратты да жоққа шығарады: «Бар болғаны, агрономдарды қайта даярлаудан өткізіп, өнімнің дұрыс сортын таңдап, жерді қайта өңдеу керек. Яғни, ауыл шаруашылығы нысанындағы жерлерде біздің дихандар жұмыс істейтін болады» деген. Шенеуніктің айтуына мәліметіне сүйенсек, Қазақстанда 1,3 миллион гектар егістік жер жер иеленушілердің қолына өтіп кеткен. Ал Қытай мен Қазақстанның бірлескен ауылшаруашылығы кәсіпорындары көкөністердің орнына соя мен рапс егуді жоспарлап отырғандығы да айқын болды.
Бір тонна сояны өсірудің өзіндік құны – 140-60 доллардың айналасында. Тасымал құны – 13-14 долларды құрайды. Қытай жағы сояның тоннасын – биржалық бағамен, 400 доллар айналасында сатып алуды ұсынып отыр,– делінген сұхбатта.

Жоба Оңтүстік Қазақстан облысынан бастау алмақ екен. Қытай сояны өңдеу мәселесін де Қазақстанда жүзеге асырмақ көрінеді. Қазақстаннан сатып алынған сояның 80%-ы өзге рынокқа шығарылмақ. Соядан өзге Қытаймен бірлескен кәсіпорындар жүгері өсіруді қолға алмақ. Демек, Қытай диқандары емес, инвесторлары Қазақстанның ауылшаруашылығы рыногын жаулап алуы әбден ықтимал көрінеді. Қазақша айтқанда қазаншымыз қытай болады-ау! Е.Кәпқызы

Парақшамызға жазылыңыз

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі