«Жұмсақ сепаратизмнің ақыры»

2724 рет қаралды
1

images 1Көрші елдердегі күрделі өзгерістер бізді де бейжай қалдырмайды. Көрші жайлы болса, қоңсы майлы болса іргелес отырған елдің де көңілі алаңсыз болары сөзсіз. Ресей ақпараттары соңғы күндерде тым айғайға баспай, бірақ қуаныштарын жасыра алмай Татарстанның президенті Минтемир Шаймиевтің тағынан кеткенін жазып жатыр. Алайда сөздері салмақты. Марқұм Шыңғыс Айтматовтың «Қош бол, Гүлсары» дегеніндей «Қош бол, Минтимир!» немесе «Ресейдің жұмсақ сепаратизмінің ақыры» сияқты айдарлар миықтарынан күледі. Біз де қош дейміз, бірақ біздің қошымызда мысқыл да, әжуа да жоқ.

Өйткені түбі бір, тілі бір, діні бір туысқан елде болып жатқан өзгеріске немкеттілікпен қарайтын болсақ, қарына тартпағанның қары сынсынның өзі болмас па! Татарстанның орны – түбі бір түркі тектес елдер ішінде тіпті бөлек – ата қонысымыз қабырғалас ежелгі көрші, қыз алысып, қыз берген мың жылдық құда ел. Қазақ халқының руханиятының дамуына, соның ішінде ислам дінінің өркен жаюына да мол үлесін қосып, ықпал еткен жұрттың бірі де осы татарлар екені тарихи шындық. Енді бүгін сол елді көп жылдар басқарған, туған халқының тас қамалдың ішінде тұрып сәл де болса кең тыныстауына септігім тисе екен деп жан-тәнін салып «жұмсақ сепаратист», яғни бөлінушілікке, оқшаулыққа бой ұратын саясаткер ретінде танылған елағасы тақтан түсіп, енді «оның орнына кім келер екен, ертеңіміз не болады, империяның сойылын соққан біреу келер ме екен?» деп халқы әрі-сәрі күй кешкенде, қолымыздан келер қайран болмаса да сөзімізбен сол туысқан халықпен әрқашанда бірге екенімізді білдіріп қою азаматтық іс болса керек. Бұл өзгеріс «жұмсақ сепаратизмнің ақыры, серпінді сепаратизм»-нің басы бола ма, оны уақыт көрсетеді. Біз оған сәуегейлік жасамаймыз. Б.Бурылалтай

1 Comment

  1. Кім болса да, “қатты болсын, мейлі жұмсақ болсын” құйрығы тесілген басшылардың ауысқаны дұрыс қой. жасарын жасады, асарын асады деген.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар