Жеті балалы отбасына мемлекет жәрдемақысы жетпей жатыр

582 рет қаралды
1

ЖАҒЫМДЫ ХАБАР

d3Дархан Бадауұлы мен зайыбы Захчин Хабдан 2008 жылы Моңғолиядан қоныс аударған. Ерлі-зайыптылардың екеуі де 35-те. Шаңырақтағы жеті баланың үлкені 15 жаста, ал кенжелері бір жастан енді асты.

Алты ұл мен бір қызды дүниеге әкеліп, өсіріп жатқан оралмандар отбасы Захчинға «Алтын алқа» белгісі табыс еткені туралы хабарды естіп қуанып қалды. Бұл хабарды наурыздың 15-күні Дарханның Алматыдағы бажасы хабарлапты.

Оның үйіне Алматы қалалық әкімшілігінен хабарласқан қызметкерлер Захчинге әкімдікке келіп «Алтын алқасын» алып кетсін деген сәлем айтқан екен.

– Өткен жылдың қараша айында қажетті құжаттардың барлығын жинап, Алматы қаласы Алмалы ауданының әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне тапсырып қойғанбыз. Хабар өздерінен болады деп еді.– дейді Дархан.

Ол енді өз отбасына ай сайын 8500 теңге (57 АҚШ доллары көлемінде) қосымша кіріс кіретіні оның шаңырағындағыларға қуанышты хабар болғанын айтады.

– Осы кезге дейін біз әр балаға айына 1030 теңгеден, сонда жиыны 8200 теңге алып келеміз. Онымен қай жыртығымызды жамаймыз? Әрі оны әрбір он күн сайын тіркелген жерге барып, құжаттарды жаңалап отыру керек екен. Ал егер Захчин ай сайын 8500 теңге жәрдемақы алатын болса, бұл біз үшін әжептәуір көмек болар еді. Оның үстіне, бұл жәрдемақы отбасы табысын есептемейді, яғни ай сайын құжат тапсыруды міндеттемейді. Демек, ай сайын 8,5 мың теңге біздің шаңыраққа қомақты кіріс, – дейді Д.Бадауұлы.

Қазақстанда бұрын 10 және одан көп балалы аналарға – «Алтын алқа», ал 8 және одан көп бала тапқан аналарға «Күміс алқа» беріліп келген еді. Жаңа ереже бойынша «Алтын алқа» белгісі 7 баланы өмірге әкелгендерге берілетін болды.

АУЫЛДАҒЫ ТІРЛІК

Оралман қазақ отбасы қазір Алматы облысы, Кербұлақ ауданы, Көксу ауылында біреудің үйін жалдап тұрып жатыр. Бірақ тұрақты тіркеулері Алматы қаласындағы Дарханның бажасының үйінде.

– Қалада баспанаға қол жеткізу біз үшін өте қиын болғандықтан алыстағы осы ауылды паналауға мәжбүрміз. Әйелім жас баламен үйде отыр, өзімнің де, әйелімнің де денсаулығымыз да онша емес. Мен Алматыға келіп біреулердің ұсақ-түйек жұмыстары кездесе қалса, соларға жалданамын. Бірақ тұрақты жұмыс та жоқ қой қазір. Сондықтан, балаларға алатын жәрдемақыға ғана телміріп отырған жайымыз бар, – дейді Дархан. d2

Дарханның 4 баласы қазір олар тұрып жатқан ауылдың мектебіне барып оқып жүр.

– Бірақ ауыл мектебінің әкімшілігі тіркеуіміздің қалада екендігін сылтау етіп, ешқандай әлеуметтік көмек ұсынған емес, – дейді балалардың әкесі.

БАСПАНА МҰҢЫ

Дарханның ата-анасы, туған-туыстары Моңғолияда қалған. Олардың Моңғолиядағы негізгі күнкөріс көзі – мал бағу болған екен. Алматыдағы бажасын сағалап көшіп келген Дарханның отбасы қазір тұрып жатқан ауылда әйелінің туысқандары бар.

Дархан Бадауұлының жанұясы Қазақстанға келісімен мемлекеттік көші-қон квотасы бойынша өздеріне тиесілі жәрдемақыны да алған екен. Бірақ ол қаржы баспанаға алуға жетпегенін айтады.

– 8 адамға 1 миллион теңге (7500 АҚШ доллары) жәрдемақы берілді. Дегенмен, бұл біздің бір жылдық күн көрісімізге де жетпеді, – дейді ол.

d1Отағасы өзін бір жағынан күнкөріс қамы қысса, екінші жағынан баспана мәселесі де қинап жүргендігін айтады.

Дархан Бадауұлы 2 жыл бойы талай мекеменің есігін тоздырып жүріп, ақыры Алматы қаласы Алмалы ауданының тұрғын үй басқармасында көпбалалы отбасыларға арналған тұрғын үй кезегіне тіркелген екен.

Алайда, ондағылар Дархан Бадауұлының отбасына жалпы кезек бойынша тұрғын үйге қол жеткізу мүмкіндігі алдағы 25-30 жылда жүзеге асуы мүмкін екендігін айтып шығарып салыпты.( Дархан Бадауұлының жеке мұрағаттағы суреттері берілді).

«azattyq.org»
Есенгүл КӘПҚЫЗЫ

Парақшамызға жазылыңыз

1 Comment

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Қателік кімнен кетті? Балалар ақыны Қуат Әдістің өлеңін өзгенің атымен жариялаған “Алматыкітап” кінәні “Балдырған” журналына жауып отыр

“Алматыкітап” баспасынан 2 сынып оқушыларына арналып дайындалған “Әдебиеттік оқу 2022” кітабына қатысты желіде дау туды. Баспагерлер

«Зорлық-зомбылыққа ұшыраған әйелді күйеуімен татуластырмақ болған»: «Хабар» арнасындағы “Бірақ…» ток шоуы жабылды

 Кеше «Хабар» арнасындағы «Бірақ…» ток-шоуына тұрмыстағы зорлық-зомбылықтан зардап шеккен шымкенттік әйел кейіпкер боп келді. Бағдарлама жүргізушілері