Алаштың ардақты ұлы

1024 рет қаралды
6

Бүгін яғныи 2010 жылдың 14 сәуірі таңғы сағат 8-де Алаштың ардақты ұлы, көрнекті қаламгер, журналист-зерттеушi, қоғам қайраткерi, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегерi, ұлтшыл тұлға Хасан Оралтай 77 жасында Мюнхендеұзаққа созылған ауыр науқастан қайтыс болды.DSC02169

Хасан Оралтай Қалибекұлы 1933 жылы ҚХР ШҰАР-да туған. Ауылда араб тiлiнде сауат ашқан. 1946 жылдан бастап қызыл үкiметтiң қудалауымен ата-мекенiнен шет елге ауған. 1951-1954 жылдары Үндiстанның Кашмир өлкесiн паналаған. 1954-1967 жылдары Түркияда өмiр сүрген. Газет, журнал, кiтап шығарумен айналысқан. «Қазақ түріктері», «Елім-айлап өткен өмір», «Елім-айлап өткен өмірден соң» секілді кітаптар жазған. 1968-1995 жылдары аралығында халықаралық «Азаттық» радиосында қызмет атқарған. Қазақ бөлiмiнiң бастығы болған. Зейнеткерлiк демалысының көп күндерін Германияның Мюнхен қаласында өткізді

Х. Оралтай 2007 жылы ҚР Журналистика академиясының БАҚ саласындағы ең мәртебелi жалпы ұлттық сыйлығы «Алтын самұрық» сыйлығымен марапатталған.

2008 жылы өзі куә болған Еуропа қазақтары көш тарихының көсемдерінің бірі, Алаш ардақтысы Қалибек Хакімнің 100 жылдық мерейтойының Алматыда аталуынада көп еңбек сіңірді. Әрі осы Халықаралық конференция негізінде 2009 жылы «Білім» баспасынан «Қалибек Хакім туралы естеліктер» атты кітап шығаруға ат салысты.

Алаш рухын асқақтатушылардың соңғы тұяқтарының бірі болған Х.Оралтайдың тұтас өмірі әкесінің басынан өткен қанды күндердің жалғасындай елім деп еңіреп өтті.
Жатқан жеріңіз жаннат, топырағыңыз торқа болсын, аяулы аға!

Ж.Шәкен
«Minber.kz» ұлттық интернет газеті ұжымы Алаштың ардақты азаматы, Халықаралық “Алаш” сыйлығының иегерi Хасан Оралтайдың қайтыс болуына байланысты оның үй-іші, бала-шаға, туған-туыс, жора-жолдастарына қайғысына ортақтасып көңіл айтады.

Парақшамызға жазылыңыз

6 Comments

  1. Ардақты аға, топырағыңыз торқа, жаныңыз жаннатта, иманыңыз жолдас болып, бала-шағаларыңызға қайырын жазсын!

  2. Қайран Хасен аға, жаныңыз жаннатта болсын! Ұлтын сүйген жан Сіздей-ақ болар, атыңыз қазақ барда ешқашан ұмытылмайды. Қош бол, қазақтың Өралтайы.

  3. Елім-айлап өткені жоқ күн тегін,
    Алашымның айтып өттің мұң-шерін.
    Қанша азап көргеніңмен пәниде,
    Абыройдың алдың аға шың,төрін.

    Өр намысың, жолбарысым жаралы,
    Жортып жонда дүбірлетіп барады.
    “Бесігіңіз” жәйлі болсын жан аға,
    Есіміңіз мәңгі аңыз боп қалады.

  4. Қош бол, қош бол, Хасен аға! “Елім-айлап өткен өмір” атты кітабіңізді оқып бір жылап едік. Енді міне, өзіңізден де көз жазып қала бердік. Ардақты аға, жаныңыз жаннатта болсын!

  5. жаның жаннатта болсын жан аға! енді қазақта сіздей ұл туғанша талай заман өтер…
    топырағың торқа болсын.

Жауап беру

Your email address will not be published.

This site uses Akismet to reduce spam. Learn how your comment data is processed.

Соңғы жазбалар

Орал су астында қалуы мүмкін бе?

Батыс Қазақстанда су тасқыны қаупі сейілмей тұр. Бүгінгі соңғы гидрологиялық бюллетеньнің мәліметтеріне сәйкес Жайық өзенінің деңгейі